Шымкент әкімінің орынбасары Мақсұт Исахов екі айға қамалды

Осы аптада «жемқорлық күдігімен» ұсталған Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Мақсұт Исахов екі айға қамалды. Бұл ақпаратты ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметіне сүйенген жергілікті ақпарат агенттіктері хабарлады.

«21 шілдеде Шымкент қаласының мамандандырылған тергеу соты Шымкент әкімінің орынбасары Мақсұт Исаховқа бұлтартпас шара ретінде екі айға қамау шарасын тағайындады»,

деп жазылған ҰҚК хабарламасында.

Мақсұт Исаховты 20 шілдеде ҰҚҚ прокуратураның араласуымен ұстаған. ҰҚК өзге ақпарат жарияламаған, тергеу құпиясына сілтеген.

49 жастағы Мақсұт Исахов Шымкент қаласы әкімінің орынбасарлығына 2020 жылы ақпанда тағайындалған. Оған дейін екі жыл Қазақстан президенті әкімшілігінде мемлекеттік инспектор болып істеген.

Әр жылдары «Қазақстан темір жолы» компаниясында қызмет еткен, Шығыс Қазақстан облысы әкімі аппараты жетекшісінің орынбасары, автожол және жолаушылар көлігі басқармасының бастығы, Өскемен қаласы әкімінің орынбасары, Алматы қалалық жолаушылар көлігі басқармасының бастығы болған.

Арман Ерғалиев

Recent Posts

Абай университеті әлемдік QS рейтингінде «бес жұлдыз» үздік белгісіне ие болды

Марапат Сеул қаласында өткен QS Stars Award Ceremony рәсімінде берілді Бүгін Қазақстан мен Орта Азиядағы…

1 месяц ago

Колледж студенттері бәсекесі: білім мен зияткерлік сайысы өтті

Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…

3 месяца ago

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

7 месяцев ago

«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…

1 год ago

Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті

Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…

1 год ago

Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді

23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…

1 год ago