Қоғам

Шымкент полициясына заң жүрмей ме?

Шымкент полициясындағы басшылар мен шенділер – шын дөкейлер екен.

Шымкент полицейлеріне ешқандай заң жүрмейтінін Facebook парақшасында журналист Мария Низовкина баяндап берді:

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамаға сәйкес, сот шешімінен кейін заң бұзушылардың тікелей басшылары де жазалануы тиіс. Шымкент полицейлері бұл нормаларды іріктеп қолданатын көрінеді. Ең соңғы мысал, шілденің ортасында көші-қон басқармасы бастығының ұсталуы. Ол 1000 доллар алды деген күдікке ілінді. Оның тікелей басшысына не болды? Ештеңе болған жоқ. Оның тікелей бастығы – полиция департаменті басшысының бірінші орынбасары. 

Білуімізше, бірінші орынбасардың өзі жайсыз жағдайға тап болғанда, оның креслосы шайқалмаған. Естеріңізде болса, оның көлігін инспекторлар жалған нөмірмен жүр деген күдікпен тоқтатқан. Жалған нөмір тағатындай жедел жұмыста жүрмеген басшының жалған нөмір пайдаланатын құқығы жоқ еді.

Инспекторлар сотта жеңіліп қалды дейтін шығарсыздар. Иә, олар жеңілді, бірақ сотта оның жүргізушісі басшының шынымен де оперативті нөмірге рұқсаты жоқ екенін айтты, оның қолында тек сол кездегі генерал Дәлбековке осы нөмір керек деген рапорт қана болды. Бірақ Дәлбековтен рұқсат болған жоқ. Ал соттан жеңіліп қалудың себебі – көлікті эвакуаторға тиемес бұрын инспекторлар түрлі бастықтарына жеткілікті өтініш жібермеген деседі.  Айтпақшы, олар генералдан басқасының бәріне шыққан еді. Бұл туралы сотта бәрі айтты.

Осылайша бірінші орынбасар қызметін әлі де жалғастыруда». 

Фариза Сагындыкова

Recent Posts

«Теңіз ұстазы» фестивалі: Құлсарыда Жылыой ауданының ең креативті мұғалімдері марапатталып, білім берудің жаңа стандарттары таныстырылды

Құлсары қаласы, 25 ақпан 2026 жыл - Құлсары қаласында  «Теңіз ұстазы» ауқымды педагогикалық фестивалі өтті.…

3 недели ago

 Жылыой мұғалімдері оқу үдерісіне заманауи әдістемелерді енгізуде

Жылыой ауданында өткен жылдан бері функционалдық сауаттылықты дамытуға және мектептегі білім сапасын арттыруға бағытталған «Теңіз…

1 месяц ago

ЖОО оқытушыларының біліктілігін арттыруға арналған қысқы мектеп өтуде

Халықаралық білім беру корпорациясында 2026 жылғы 19-23 қаңтар аралығында Халықаралық білім беру корпорациясында (ҚазБСҚА) «Қысқы…

2 месяца ago

Абай университеті әлемдік QS рейтингінде «бес жұлдыз» үздік белгісіне ие болды

Марапат Сеул қаласында өткен QS Stars Award Ceremony рәсімінде берілді Бүгін Қазақстан мен Орта Азиядағы…

4 месяца ago

Колледж студенттері бәсекесі: білім мен зияткерлік сайысы өтті

Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…

6 месяцев ago

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

10 месяцев ago