Categories: Оқиға

Шымкентте 19 жыл бұрын кісі өлтірген ер адам 10 жылға сотталды

Шымкентте 19 жыл бұрын болған кісі өлтіру ісіне қатысты үкім шықты, деп хабарлайды Otyrar.kz.

Ер адамды қарудан екі рет оқ атып өлтіріп, денесін қазылған шұңқырға тастап, дәйектерді өртеп жіберген. Жаза енді тағайындалды, айыпты өз кінәсін мойындаған жоқ.

19 жыл бұрын адам өлтіргені үшін Шымкент тұрғыны 10 жылға сотталды. Маманданған ауданаралық сотта жауыздықпен кісі өлтіру ісіне қатысты үкім шықты. Сот дерегі бойынша, сотталып отырған адам танысын жек көргендіктен өлтірді. Ол екі рет оқ атып, ер адам оқиға орнында мерт болған. Құрбанының денесін көшедегі әжетхананың шұңқырына тастап, айғақтарды өртеген. Ол кезде ешкім жазаланбады. Бірақ биыл наурызда ер адам ұсталды. Осы іс бойынша тағы бір күдікті бар, ол қазір Ресейде тұрады.

Сот тергеуі кезінде тегін Билданов деп өзгерткен Харитоновқа айып тағылмады, одан куәгер ретінде жауап алынды. Қазір оған қатысты бөлек іс қозғалып, тергеу жүріп жатыр,

деді Шымкент ауданаралық сотының судьясы Самиддин Темірәлиев.

Мемлекеттік айыптаушы сотталушыны 17 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады. Бірақ сот шешімімен ер адам 10 жылға сотталды. Ол жазасын қауіпсіздігі орташа мекемеде өткізеді.

Сот Газизов Ринат Рафаэлевичті ҚР ҚК 96-бабының 1997 жылғы редакциясы бойынша айыпты деп таныды. Осы бап бойынша ол 10 жылға бас бостандығынан айырылды. Жазасын қауіпсіздігі орташа мекемеде өтейді,

деп толықтырды судья.

Айыпталушы кінәсін мойындаған жоқ және күзетшілер оның қолына кісен салғанға дейін негізгі айыпты қазір Ресейде тұратын екінші ер адам екенін мәлімдеді.

Кінәсіз адамды соттады, нағыз қылмыскер Ресейде, оны жеткізе алмайды, ресейліктер бермейді. Өз заңы бойынша соттаймыз деп айтты, қазір ол жақта Украинамен жағдай боп жатыр, білесіздер, оны соттай алмайды, сол себепті мені айыптады,

деп мәлімдеді сотталушы.

Ол үкімге аппляциялық шағым түсіретінін айтты.

Анара Бауыржанқызы

Recent Posts

Колледж студенттері бәсекесі: білім мен зияткерлік сайысы өтті

Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…

1 месяц ago

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

5 месяцев ago

«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…

11 месяцев ago

Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті

Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…

11 месяцев ago

Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді

23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…

11 месяцев ago

Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр

Алматының Атакентінде қыркүйектің 4-6 аралығында Kazbuild 2024 көрмесі өтіп жатыр. Бұл жолы Қытайдың ең ірі…

1 год ago