Оқиға

Шымкентте 27 млн теңге қарызы бар жүргізуші ұсталды

Шымкентте «Қорғау» көмегімен миллиондаған қарызын төлеуден жалтарып жүрген Lexus жүргізушісі анықталды.

«Қорғау» мегаполис полицейлеріне құқық бұзушыларды анықтауға көмектесуді жалғастыруда.

«Мәселен, өткен дүйсенбіде бағдарлама Тәуке хан даңғылында борышкердің басқаруындағы автокөлік туралы ақпарат берді. Азаматтың 27 миллион теңге көлемінде берешегі бар болып шықты.

ЖБО кезекшілері көлік құралын ұстауға патрульдік полиция инспекторларын бағыттады», — делінген хабарламада.

Қала тұрғынына қарызды төлеу қажеттілігі туралы ескертілді, ал оның «темір тұлпары» айыппұл тұрағына қойылды.

«Қорғау» қосымшасын қаланың тәртіп сақшылары 2022 жылдың сәуір айында қолдана бастады. Қосымша полицейлерге жалған нөмірлі, сақтандырусыз, іздестірудегі, төленбеген айыппұлдары бар көліктер туралы хабарлай алады. Сонымен қатар, аталған бағдарлама жол қозғалысы ережелерін жиі бұзатын қауіпті жүргізушілерді анықтайды. 

Сайт Әкімшілігі

Recent Posts

ЖОО оқытушыларының біліктілігін арттыруға арналған қысқы мектеп өтуде

Халықаралық білім беру корпорациясында 2026 жылғы 19-23 қаңтар аралығында Халықаралық білім беру корпорациясында (ҚазБСҚА) «Қысқы…

1 неделя ago

Абай университеті әлемдік QS рейтингінде «бес жұлдыз» үздік белгісіне ие болды

Марапат Сеул қаласында өткен QS Stars Award Ceremony рәсімінде берілді Бүгін Қазақстан мен Орта Азиядағы…

3 месяца ago

Колледж студенттері бәсекесі: білім мен зияткерлік сайысы өтті

Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…

4 месяца ago

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

8 месяцев ago

«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…

1 год ago

Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті

Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…

1 год ago