Оқиға

Шымкентте 37 млн теңгеге жалған энергетикалық сусын анықталды

Бизнес құқықтарын қорғау және көлеңкелі экономикамен күрес бойынша жүргізіліп жатқан жұмыс аясында танымал энергетикалық сусын шығаратын жасырын цехтың қызметін ҚМА Шымкент қаласы бойынша департаменті тоқтатты, деп хабарлайды  El.kz ақпарат агенттігі.

ҚМА мәліметінше, қалалық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің мамандарымен және сауда маркасының құқық иеленушінің өкілдерімен жүргізілген жедел-іздестіру іс-шаралары барысында: 21 мыңнан астам құты контрафактілік сусынның дайын өнімдері, тауар белгісі бар 54 мың данадан астам бос банкалар энергетикалық сусынды құюға арналған жабдық, сия бүріккіш жапсырма, орау құрылғылары, қақпақтар, құрғақ қоспалар (лимон қышқылы, кофеин, сода, бояғыштар, қант, қышқылдықты реттегіштер) тәркіленді.

Келтірілген шығын көлемі 37 млн теңгеден асады.

Ұлттық сараптама орталығының микробиологиялық зерттеу хаттамасына сәйкес, тәркіленген сусынның құрамында рұқсат етілген мөлшерден екі есе жоғары зең мен ашытқы бар.

Бұл өнім тұтынуға жарамсыз, өйткені ол адам денсаулығына, әсіресе жас ағзаға зиян келтіреді.

Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Тергеу мүддесіндегі басқа ақпарат жария етілмейді.

Сая Манарбековна

Recent Posts

Абай университеті әлемдік QS рейтингінде «бес жұлдыз» үздік белгісіне ие болды

Марапат Сеул қаласында өткен QS Stars Award Ceremony рәсімінде берілді Бүгін Қазақстан мен Орта Азиядағы…

1 месяц ago

Колледж студенттері бәсекесі: білім мен зияткерлік сайысы өтті

Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…

3 месяца ago

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

7 месяцев ago

«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…

1 год ago

Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті

Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…

1 год ago

Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді

23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…

1 год ago