Шымкентте адам саудасы ушығып тұр

Қылмыстардың басым бөлігі жезөкшелікпен және жеңгетайлықпен айналысу үшін притон ұйымдастыруға немесе ұстауға байланысты болған.

Қазақстанда адам саудасына байланысты құқық бұзушылық саны бір жылдың ішінде 37 пайызға қысқарды.

Ranking.kz порталының мәліметінше, 2022 жылдың қаңтар-қыркүйек айларында елімізде адам саудасына байланысты 81 құқық бұзушылық тіркелген.

Бұл өткен жылмен салыстырғанда бірден 37,2 пайызға аз.

Қылмыстардың басым бөлігі жезөкшелікпен және жеңгетайлықпен айналысу үшін притон ұйымдастыруға немесе ұстауға байланысты болды: 44 жағдай.

Ал бір жыл бұрын мұндай 75 құқық бұзушылық тіркелген еді.

Тағы 11 жағдай адам саудасына, 9 жағдай кәмелетке толмағандар саудасына, 8 жағдай кәмелетке толмағандарды жезөкшелікпен айналысуға мәжбүрлеуге, 6 жағдай жезөкшелікпен айналысуға тартуға, 3 жағдай қанау мақсатында заңсыз бас бостандығынан айыруға қатысты болды.

Өңірлер арасында адам саудасына байланысты құқық бұзушылықтар Шымкентте жиі тіркелді: 17 жағдай.

Қалада өткен жылмен салыстырғанда мұндай құқық бұзушылық 2,1 есе көбейген.

Екінші және үшінші орында Астана (13 құқық бұзушылық, бір жылда 18,2 пайыз) және Алматы (12 құқық бұзушылық, минус 40 пайыз) болды.

Сонымен қатар алғашқы бестікке Қостанай (7 құқық бұзушылық, 40 пайыз) және Қарағанды (5 құқық бұзушылық, минус 28,6 пайыз) облыстары да кірді.

Ұлытау және Ақтөбе облыстарында бір де бір құқық бұзушылық тіркелмеген.

Сая Манарбековна

Recent Posts

Жалған техникалық тексеру 100 АЕК айыппұл салынбақ

«Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне автокөлікті жалған техникалық тексеруден өткізуге қатысты айыппұлды 30…

6 дней ago

Кредиті айлығының жартысына жеткендерге жаңа несие бермейді

Қазақстанда енді несие беру кезінде қарыздық коэффициентті есептеу жүйесі қолданылады. Егер адамның ай сайын төлейтін…

7 дней ago

Қазақстан бірегей көне қыпшақ кітаптарының цифрлық көшірмесіне қол жеткізді

Қазақстанның дәл бүгінгі қоғамдық өмірінде тарих қойнауында жинақталған бағалы деректерге баса назар аударудың маңызы зор.…

1 неделя ago

Экс-министр Ерлан Тұрғымбаев екі айға қамалды

Қазақстанның бұрынғы ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев екі айға қамауға алынды, деп хабарлайды дереккөз. 30…

1 неделя ago

Қазақстан әуежайларында қауіпсіздік шаралары күшейтіледі

2024 жылғы 1 мамырдан бастап еліміздің барлық әуежайларында авиациялық қауіпсіздікті күшейту бойынша вокзал маңындағы алаңдарда,…

1 неделя ago

Мектепте соңғы қоңырау өтетін болды — министр үндеуі

ҚР Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев мектеп түлектеріне үндеу жасады. Министрдің айтуынша, оқу жылы маусым айына…

1 неделя ago