Шымкентте есірткі таратумен айналысқан медицина қызметкері ұсталды, деп хабарлайды КТК арнасы. Еңбек демалысында болған 25 жастағы келіншек бос уақытында есірткі сатумен айналысыпты. Ол тыйым салынған затты өз көлігімен тасымалдап жүрген жерінде қолға түсті.
Күдікті полицейлерді көре сала оралған есірткіні көлігінің астына лақтырған. 20 дана синтетикалық есірткіні тәртіп сақшылары бірден тауып алды. Тіпті көлігін тінту кезінде гашиш те тәркіленген. Осыған дейін Шымкенттегі емдеу мекемелерінің бірінде мейірбике болған келіншек еңбек демалысында жүрген екен. Бірақ, осы жағдайдан кейін бірден жұмыстан қуылды. Ақ халатты абзал жан деген атқа кір келтірген мейірбике енді он жылға дейін темір торға қамалуы мүмкін.
Қазіргі таңда тергеушілер бұл деректі ҚР ҚК-нің 297 бабы бойынша тіркеп, сотқа дейінгі тергеп-тексеру бастады. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды,
деді Шымкент қалалық ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының жедел уәкілі Бауыржан Қарбеков.
Құлсары қаласы, 25 ақпан 2026 жыл - Құлсары қаласында «Теңіз ұстазы» ауқымды педагогикалық фестивалі өтті.…
Жылыой ауданында өткен жылдан бері функционалдық сауаттылықты дамытуға және мектептегі білім сапасын арттыруға бағытталған «Теңіз…
Халықаралық білім беру корпорациясында 2026 жылғы 19-23 қаңтар аралығында Халықаралық білім беру корпорациясында (ҚазБСҚА) «Қысқы…
Марапат Сеул қаласында өткен QS Stars Award Ceremony рәсімінде берілді Бүгін Қазақстан мен Орта Азиядағы…
Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…
2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…