Оқиға

Шымкентте мектеп оқушылары бес баланың әкесін ұрып өлтірді

Шымкентте бес баланың әкесі мектеп оқушыларынан таяқ жеп қайтыс болды. Марқұмның әйелі Алтынай Айтқұлова «Көреміз» бағдарламасынан көмек сұрады.

Алтынай Айтқұлованың айтуынша, 9 қыркүйекте күйеуін базар маңында бір топ оқушы ұрып, аяусыз соққыға жыққан. 39 жастағы ер адам оқиға орнында мерт болған. Марқұмның жақындары кінәлілер жазадан жалтарып кете ме деп отыр, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі massaget.kz сайтына сілтеме жасап.

Бұл балалар қыздардың алдында өзін көрсеткісі келіп, сол жерде құлатып, быт-шытын шығарып кетеміз деген оймен істеген ғой. Жарты сағаттай төбелес болған. Тағы екі бала келген. Олай келмей тұрып күйеуімді ұрған. Төбесінен жұдырықтап ұрған. Сол жерде үлкен кісі ғой деп тастап кетсе болады ғой. Жоқ, бұлар жалғастырып ұрған, бір-біріне лақтырып, сүйреген,

дейді марқұмның әйелі.

Оның айтуынша, күйеуі далада екі сағаттай жатып қалған. Марқұмның артында әйелі жесір, бес баласы әкесіз қалды. Балаларының үлкені 12-де болса, кенжесі 4 жаста екен. Сол күні ер адам жұмыстан келгеннен кейін сыра іздеп, қалаға шығып кеткен. Алтынай Айтқұлованың айтуынша, күйеуі ішімдікті жиі ішпейтін, тек арасында ғана ішкен.

Отасқанымызға қазан айында 15 жыл болды. Күйеуім ағасының қолында көмекшісі болып жұмыс істейтін еді,

дейді Алтынай Айтқұлова.

Оның сөзінше, күйеуі оны ұрып кеткен жігіттерге таңғы 4-тер шамасында кезігіп қалған.  Алтынай Айтқұлованың сөзінше, күйеуін ұрып кеткен балалар – кәмелетке толмаған оқушылар.

Күйеуім оқушылардан су сұрапты. Ішкен күйінде. Олар «жоқ» деген. Күйеуім «мына жерде» тұрам дегендей түсіндіріп тұрған ғой. Сосын күйеуім оларды құшақтаған. Ішіп алған кезде ондай мінез шығармайтын. Күйеуім құшақтаған кезде екі бала оны итеріп, артқа шегініп ұрып, төбелес басталып кеткен,

дейді Алтынай Айтқұлова.

Әйелдің сөзінше, бұл іс бойынша тек бір жігіт күдікті деп танылған.

Сая Манарбековна

Recent Posts

Қазақстанда футболдан EURO-2024 ойындары көрсетіледі

14 маусымда Германияның Мюнхен қаласында футболдан XVII Еуропа чемпионаты басталады. «Қазақстан» телеарадиокорпорациясы Еуро-2024 матчтарын тікелей…

1 день ago

Қазақстанда жаңа саяси партия тіркеледі

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте әділет вице-министрі Ботагөз Жақселекова "Ынтымақ" саяси партиясы қашан мемлекеттік тіркеуден…

1 день ago

Астанада мас күйінде көлік басқарған 45 жүргізуші сотталды

Қазақстан Республикасының заңнамасында көлік құралын мас күйінде басқарғаны үшін әкімшілік жауапкершілікпен қатар қылмыстық жауапкершілік қарастырылған.…

1 день ago

Еңбек министрінің атынан жазылған хабарламалар — фейк

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпованың атынан әлеуметтік желілер мен мессенджерлердегі ашылған…

1 день ago

Мұрат Әбділда сотқа жазасын ауыстыру жөнінде өтініш жасады

Осыдан 2 жыл бұрын әлеуметтік алауыздыққа бағытталған әрекет жасағаны үшін сотталған блогер Мұрат Әбділда сотқа…

1 день ago

«Мүгедек боп оралды»: Шымкентте әке баласын әскерилер бопсалағанын айтты

Шымкентте әскерилер жас жігітті комиссариатқа күштеп апарып, пара беруге бопсалаған. Мерзімді әскерге шақырылушы ақша таппай,…

2 дня ago