Оқиға

Шымкентте оқушы дене шынықтыру сабағында қайтыс болды

Оқушы сабақ үстінде есінен танып қалған.

Шымкентте дене шынықтыру сабағында 13 жастағы жасөспірім көз жұмды, деп хабарлайды Inbusiness.kz.

Шымкент қалалық білім басқармасының хабарлауынша, 11 қаңтарда N48 орта мектепте дене шынықтыру сабағында сегізінші сынып оқушысы есінен танып қалған.

«Мектеп медбикесі алғашқы медициналық көмек көрсетіп, жедел жәрдем шақырды. Келген жедел жәрдем бригадасы екінші рет арнайы жедел жәрдем шақырды. Алайда жедел медициналық жәрдем келгенше баланың жүрегі тоқтап, ол қайтыс болды. Қазір құзырлы органдар тексеру жүргізіп жатыр», — деді Шымкент қалалық білім басқармасының баспасөз қызметі.

Естеріңізге сала кетейік, 2023 жылдың 14 желтоқсанында Ақтөбедегі мектептердің бірінде оқушы қайтыс болды. Жетінші сынып оқушысы үзіліс кезінде сыныпқа жүгіріп кіріп, сүрініп кетіп, партасына соғылды. Ол клиникалық өлім жағдайында ауруханаға жеткізілді. Алайда дәрігерлер оны аман алып қала алмады.

Сайт Әкімшілігі

Recent Posts

Абай университеті әлемдік QS рейтингінде «бес жұлдыз» үздік белгісіне ие болды

Марапат Сеул қаласында өткен QS Stars Award Ceremony рәсімінде берілді Бүгін Қазақстан мен Орта Азиядағы…

1 месяц ago

Колледж студенттері бәсекесі: білім мен зияткерлік сайысы өтті

Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…

3 месяца ago

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

7 месяцев ago

«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…

1 год ago

Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті

Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…

1 год ago

Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді

23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…

1 год ago