Categories: Оқиға

Шымкентте полиция қызметкері әйелді аяусыз ұрып-соққан

Шымкент тұрғынын туған күніндегі суреттерді желіге салғаны үшін полиция қызметкері ұрып-соққан. Айтуынша оның бұл суреттерін полицейдің әйелі желіден көріп, қызғанып, отбасылық жанжал шығарған. Ал соның есесін құқық қорғаушы қызметкер тұрғыннан алып, тіпті оны қызметтік көлікпен қаққан. Бұл туралы Otyrar порталы хабарлайды. 

Әйелдің айтуынша, маусым айында полиция қызметкері туысымен бірігіп, жұмыс орнында оны қатты соққыға жыққан. Шабуылдан кейін учаскелік полиция қызметкері оны қызметтік көлікпен әдейі қағып кеткен.

Бәрі Instagram желісінен басталды. Мен оның әйелін танымаймын. Ол менің Instagram парақшама жалған аккаунтпен жазылған екен. Жақында менің туған күнім болған. Желіге онымен бірге түскен суреттерімді салдым. Бірақ бұл суреттерде одан да басқа бірнеше ер адам болды. Әйелі соны көрген екен. Сонда отбасылық жанжалдары үшін мені көлікпен қағу керек пе?

деді жәбірленуші.

Оқиғадан кейін ол полицияға арыз жазған. Іс «Денсаулыққа жеңіл зиян келтіру» әкімшілік бабы бойынша қозғалған. Тұрғынның сөзінше, сот отырысында айыпталушы өз кінәсін мойындамаған. Тіпті кешірім сұрамай, мысқылдап қана отырған екен.

Сот отырысында бұрмалауларды естіп мүлде таң қалдым. Ол өзін мені қоңырау шалып шақырып алды деп айтты. Бұл жағдайдан қалай шығуға болатынын заңгерлермен әбден кеңескені көрініп тұр. Өйткені осының бәрі орын алған күні маған оның полиция бөліміндегі басшылығы келіп, арыз жазбауымды өтінген еді. Себебі мен арыздансам олардың қызметіне кір келеді,

деді ол.

Жәбірленуші жанжалға полицейдің әйелінің қызғанышы себеп болуы мүмкін деп күдіктенеді. Адвокат Әлімжан Сартбай бұл істе сәйкессіздіктер көп екенін айтады. Ол полиция бөлімінің басшылығына жүгінді. Алайда, әзірге нақты нәтиже жоқ. Ал учаскелік полиция қызметкері әлі де қызметте.

Қақтығыстың неден туындағаны маңызды емес. Өйткені кез келген Қазақстан азаматының қорғануға құқығы бар. Бүгін полиция қызметкерінің неліктен оны ұрып-соққанын, содан кейін қызметтік көлікте бұл әйел мен тағы бір ер адамды неліктен қағып кеткенін түсіну керек. Біздің өтінішімізден кейін бір ғана куәгерден жауап алынды,

деді жәбірленушінің адвокаты.

Шымкент қалалық ІІД баспасөз қызметі оқиғаға қатысты түсініктеме берді. Тергеу құпиясына сілтеме жасай отырып, ведомствода не себепті жанжал болғаны айтылмады.

Қазіргі таңда азаматтың өтініші бойынша Еңбекші аудандық полиция бөлімінің полицейіне қатысты Шымкент қалалық ОҚБК қызметкерлері тексеру жүргізіп жатыр. Бұл факті полиция департаменті басшылығының бақылауында,

делінген хабарламада.

Жәбірленуші материалдық және моральдық зиянды өтеуді талап етпейді. Тек іс бойынша әділдік пен шынайы тергеуді қалайды.

Анара Бауыржанқызы

Recent Posts

Қазақстанда футболдан EURO-2024 ойындары көрсетіледі

14 маусымда Германияның Мюнхен қаласында футболдан XVII Еуропа чемпионаты басталады. «Қазақстан» телеарадиокорпорациясы Еуро-2024 матчтарын тікелей…

1 день ago

Қазақстанда жаңа саяси партия тіркеледі

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте әділет вице-министрі Ботагөз Жақселекова "Ынтымақ" саяси партиясы қашан мемлекеттік тіркеуден…

1 день ago

Астанада мас күйінде көлік басқарған 45 жүргізуші сотталды

Қазақстан Республикасының заңнамасында көлік құралын мас күйінде басқарғаны үшін әкімшілік жауапкершілікпен қатар қылмыстық жауапкершілік қарастырылған.…

1 день ago

Еңбек министрінің атынан жазылған хабарламалар — фейк

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпованың атынан әлеуметтік желілер мен мессенджерлердегі ашылған…

1 день ago

Мұрат Әбділда сотқа жазасын ауыстыру жөнінде өтініш жасады

Осыдан 2 жыл бұрын әлеуметтік алауыздыққа бағытталған әрекет жасағаны үшін сотталған блогер Мұрат Әбділда сотқа…

1 день ago

«Мүгедек боп оралды»: Шымкентте әке баласын әскерилер бопсалағанын айтты

Шымкентте әскерилер жас жігітті комиссариатқа күштеп апарып, пара беруге бопсалаған. Мерзімді әскерге шақырылушы ақша таппай,…

2 дня ago