Шымкентте полицияның екі рота командирі сотталды

Шымкент қаласы Полиция департаментінің жергілікті полиция қызметінің басшылары жүйелі жемқорлық қылмыстары үшін сотталды.

Шымкент қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық соты 4-рота командирі Қ. Әлімханов пен 8-рота командирі Н. Мырзалиевке қатысты үкім шығарды.

Әлімханов пен Мырзалиев 7 жылға бас бостандығынан айырылып, мемлекеттік қызметте қызмет атқару құқығынан өмір бойына айырылды.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Сотталғандар Шымкент қаласы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаментімен және Полиция департаментінің Өздік қауіпсіздік басқармасымен әшкереленген болатын.

Олар қызметтегі жалпы қамқорлығы үшін тұрақты негізде бағыныштылардан 5-тен 10 мың теңгеге дейін бірнеше рет пара алды деп айыпталды.

Бұдан басқа, Әлімханов әкімшілік жауапкершілікке тартпағаны үшін өзінің қарамағындағылар арқылы Шымкент қаласының тұрғынынан 130 мың теңге сомасында заңсыз сыйақы алған.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет пен ІІМ-нің жемқорлық фактілерін анықтау және жолын кесу жөніндегі өзара ынтымақтастық туралы меморандум аясында бірлескен жұмысы жалғасуда.

Арман Ерғалиев

Recent Posts

«Теңіз ұстазы» фестивалі: Құлсарыда Жылыой ауданының ең креативті мұғалімдері марапатталып, білім берудің жаңа стандарттары таныстырылды

Құлсары қаласы, 25 ақпан 2026 жыл - Құлсары қаласында  «Теңіз ұстазы» ауқымды педагогикалық фестивалі өтті.…

3 недели ago

 Жылыой мұғалімдері оқу үдерісіне заманауи әдістемелерді енгізуде

Жылыой ауданында өткен жылдан бері функционалдық сауаттылықты дамытуға және мектептегі білім сапасын арттыруға бағытталған «Теңіз…

1 месяц ago

ЖОО оқытушыларының біліктілігін арттыруға арналған қысқы мектеп өтуде

Халықаралық білім беру корпорациясында 2026 жылғы 19-23 қаңтар аралығында Халықаралық білім беру корпорациясында (ҚазБСҚА) «Қысқы…

2 месяца ago

Абай университеті әлемдік QS рейтингінде «бес жұлдыз» үздік белгісіне ие болды

Марапат Сеул қаласында өткен QS Stars Award Ceremony рәсімінде берілді Бүгін Қазақстан мен Орта Азиядағы…

4 месяца ago

Колледж студенттері бәсекесі: білім мен зияткерлік сайысы өтті

Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…

6 месяцев ago

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

10 месяцев ago