Categories: Оқиға

Шымкентте үш адамның мәйіті табылды

Алдын ала болжам бойынша, үшеуі де көмірқышқыл газынан уланып қайтыс болуы мүмкін.

Шымкентте 13 қаңтарда Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері «Спорт» шағынауданындағы пәтерлердің бірінен екі адамның – 55 жастағы әйел мен 20 жастағы жігіттің мәйітін тапты.

Шақыру орнына келген «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ ШПФ жедел бригадасы тексеру барысында бірқатар заң бұзушылықтарды анықтады. Лоджияға ағынды су жылытқышы мен 4 көзді газ плитасы орнатылған.

Лездік су жылытқыштың үстіндегі жалғастырғыш құбыр (гофр) лоджия қабырғасы арқылы көшеге шығарылады, бөлменің сыртында қаңылтыр құбырдан түтін тартқышы жасалып, 1 метр биіктікке көтеріледі. Лездік су жылытқышының мұржасында ағын жоқ. Оқиғаның себептері анықталып жатыр. ҚР ІІМ бұл фактіні тексеретін болады,

делінген хабарламада.

Тағы бір қайғылы оқиға 15 қаңтарда «Самал-3» шағынауданында орын алған. Болжам бойынша, 1991 жылғы келіншек көмірқышқыл газынан уланып қайтыс болған.

Қоңырау шалған жерге 01:26-да жеткен жедел топ тексеру барысында монтаждау талаптарының бұзылғанын анықтады: жуынатын бөлмесінде «Лидер» маркалы су жылытқышы және «Боринский» маркалы жылу қазандығы орнатылған. Байланыстырушы құбыр (гофр) төбе арқылы көшеге шығарылған және 5 см саңылаумен лездік су жылытқышқа қосылмаған,

деп хабарлады «ҚазТрансГаз Аймақ» өкілдері.

Апаттардың себептері анықталып жатыр.

Сая Манарбековна

Recent Posts

«Теңіз ұстазы» фестивалі: Құлсарыда Жылыой ауданының ең креативті мұғалімдері марапатталып, білім берудің жаңа стандарттары таныстырылды

Құлсары қаласы, 25 ақпан 2026 жыл - Құлсары қаласында  «Теңіз ұстазы» ауқымды педагогикалық фестивалі өтті.…

1 неделя ago

 Жылыой мұғалімдері оқу үдерісіне заманауи әдістемелерді енгізуде

Жылыой ауданында өткен жылдан бері функционалдық сауаттылықты дамытуға және мектептегі білім сапасын арттыруға бағытталған «Теңіз…

3 недели ago

ЖОО оқытушыларының біліктілігін арттыруға арналған қысқы мектеп өтуде

Халықаралық білім беру корпорациясында 2026 жылғы 19-23 қаңтар аралығында Халықаралық білім беру корпорациясында (ҚазБСҚА) «Қысқы…

1 месяц ago

Абай университеті әлемдік QS рейтингінде «бес жұлдыз» үздік белгісіне ие болды

Марапат Сеул қаласында өткен QS Stars Award Ceremony рәсімінде берілді Бүгін Қазақстан мен Орта Азиядағы…

4 месяца ago

Колледж студенттері бәсекесі: білім мен зияткерлік сайысы өтті

Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…

5 месяцев ago

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

10 месяцев ago