Қоғам

Шымкенттік әйел 6 баланы өрттен аман алып шықты

Шымкентте әйел адам өртеніп жатқан үйге кіріп, көршісінің алты баласын аман алып қалды.

Өрт 16 желтоқсанға қараған түні болған. Анасы балаларын ұйықтатып, өзі кетіп қалған. Қараусыз қалған балалар ұйықтамай, отпен ойнаған, деп хабарлайды Otyrar.

Құтқарып қалған әйел үйден кәмелетке толмаған алты баланы шығарып, ерлік көрсетті. Өрттің шығуына балалардың отқа абайсыз қарауы себеп болды,

деді Шымкент қалалық Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары Еркін Отарғалымұлы.

Оның өзінің төрт баласы бар, өртті көргенде үйден жалаңаяқ жүгіріп шығып, үш метрлік қоршаудан асып кеткенін айтады. Ал үйдегі газ баллонын байқаған ол күйеуін көмекке шақырған.

Балалардың жылағанын естіп, жүгіріп шықтым, үйіміз бір-біріне өте жақын орналасқан. Үйде кез келген минутта жарылып кетуі мүмкін газ баллоны болды,

дейді Шымкент тұрғыны.

Қалалық ТЖД әйелді ерлігі мен қаһармандығы үшін жоғары марапатқа ұсыну үшін министрлікке құжаттары жіберілгенін хабарлады.

Сая Манарбековна

Recent Posts

Қазақстанда футболдан EURO-2024 ойындары көрсетіледі

14 маусымда Германияның Мюнхен қаласында футболдан XVII Еуропа чемпионаты басталады. «Қазақстан» телеарадиокорпорациясы Еуро-2024 матчтарын тікелей…

1 день ago

Қазақстанда жаңа саяси партия тіркеледі

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте әділет вице-министрі Ботагөз Жақселекова "Ынтымақ" саяси партиясы қашан мемлекеттік тіркеуден…

1 день ago

Астанада мас күйінде көлік басқарған 45 жүргізуші сотталды

Қазақстан Республикасының заңнамасында көлік құралын мас күйінде басқарғаны үшін әкімшілік жауапкершілікпен қатар қылмыстық жауапкершілік қарастырылған.…

1 день ago

Еңбек министрінің атынан жазылған хабарламалар — фейк

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпованың атынан әлеуметтік желілер мен мессенджерлердегі ашылған…

1 день ago

Мұрат Әбділда сотқа жазасын ауыстыру жөнінде өтініш жасады

Осыдан 2 жыл бұрын әлеуметтік алауыздыққа бағытталған әрекет жасағаны үшін сотталған блогер Мұрат Әбділда сотқа…

2 дня ago

«Мүгедек боп оралды»: Шымкентте әке баласын әскерилер бопсалағанын айтты

Шымкентте әскерилер жас жігітті комиссариатқа күштеп апарып, пара беруге бопсалаған. Мерзімді әскерге шақырылушы ақша таппай,…

2 дня ago