Оқиға

Шымкенттік келіншек телефонын алып қашқан ұрыны ұрып құлатты

Телефон ұрламақ болған ер адам мен балалы әйелдің алысқан сәті көшедегі бейнебақылау камерасына түсіп қалған.

Шымкент қалалық полициясы балалы әйелдің телефонын ұрламақ болған ер адамды іздестіру үстінде, деп хабарлайды Aikyn.kz.

Кейін ол видео әлеуметтік желіде тарап кетті.

Оқиға 16-шағынаудандағы көпқабатты тұрғын үйлердің ауласында болған. Келіншек баласына қарап тұрған сәтте әлдебіреу келіп, шалбарының артқы қалтасындағы телефонын ала қашпақ болады.

Артынан қуып жеткен келіншек ұрыны ұстап алып, ұрып құлатып, телефонын тартып алады. Сол сәтте көршілер де көмекке келген.

Жәбірленуші полицияға арыз жазбаған. Алайда, Шымкент полициясы аталған оқиғадағы күдіктіні іздестіріп жатыр.

Видеода көрсетілген оқиға 24 қазан күні сағат 16:30 шамасында Шымкент қаласында болған. Аталған факті әл-Фараби аудандық полиция бөлімінде Қылмыстық кодекстің 24-бабының 3-бөлігі, 191-бабының 2-бөлігі бойынша тіркелді. Бұл факті бойынша құқық қорғау органдарына ешкім жазбаша арыз берген жоқ. Қазіргі уақытта күдіктінің жеке басын анықтау бойынша жедел іздестіру шаралары жүргізіліп жатыр,

деп жазды Шымкент қаласы полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Сая Манарбековна

Recent Posts

«Теңіз ұстазы» фестивалі: Құлсарыда Жылыой ауданының ең креативті мұғалімдері марапатталып, білім берудің жаңа стандарттары таныстырылды

Құлсары қаласы, 25 ақпан 2026 жыл - Құлсары қаласында  «Теңіз ұстазы» ауқымды педагогикалық фестивалі өтті.…

3 недели ago

 Жылыой мұғалімдері оқу үдерісіне заманауи әдістемелерді енгізуде

Жылыой ауданында өткен жылдан бері функционалдық сауаттылықты дамытуға және мектептегі білім сапасын арттыруға бағытталған «Теңіз…

1 месяц ago

ЖОО оқытушыларының біліктілігін арттыруға арналған қысқы мектеп өтуде

Халықаралық білім беру корпорациясында 2026 жылғы 19-23 қаңтар аралығында Халықаралық білім беру корпорациясында (ҚазБСҚА) «Қысқы…

2 месяца ago

Абай университеті әлемдік QS рейтингінде «бес жұлдыз» үздік белгісіне ие болды

Марапат Сеул қаласында өткен QS Stars Award Ceremony рәсімінде берілді Бүгін Қазақстан мен Орта Азиядағы…

4 месяца ago

Колледж студенттері бәсекесі: білім мен зияткерлік сайысы өтті

Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…

6 месяцев ago

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

10 месяцев ago