Categories: Саясат

Шындықты айтқаны үшін түрмеде отырған Навальный деректі фильмі «Оскар» жүлдесін алды

Навальный» фильмі Америка киноакадемиясының «Ең үздік деректі фильм» номинациясы бойынша «Оскар» жүлдесін алды, деп хабарлайды ВВС агенттігі.

«Оскар» жүлдесін алуға шыққан фильмнің режиссері Даниел Роэр жүлденің әлемдегі барлық саяси тұтқынға арналатынын атап өтті.

Бұл марапатты Алексей Навальный мен әлемдегі барлық саяси тұтқынға арнағым келеді,

деді фильм режиссері.
«Оскар» сыйлығын Алексейдің әйелі Юлия Навальная алды. Оның жанында қызы Дарья, ұлы Захар және кинорежиссер Дэниел Роер тұр. Фото: Reuters

Ал Алексей Навальныйдың әйелі Юлия Навальная күйеуінің «бар жазығы – демократияны қолдағаны» деген пікірін айтты.

Менің күйеуім демократияны қолдағаны үшін, шындықты айтқаны үшін ғана түрмеде отыр. Алексей, сенің бостандыққа шығып, еліміз де азат елге айналатын күнді асыға күтемін,

деді «Оскар» жүлдесінің марапатында Юлия Навальная.

Айта кетейік, Ресейдегі оппозициялық саясаткер Алексей Навальныйдың уланғаны туралы, оның Ресейге қайтып келгені туралы баяндайтын фильмді канадалық режиссер Дэниел Роэр түсіріп, 2022 жылы кезекті фестивальдің бірінде жарыққа шығарған. «Оскар» жүлдесінен басқа, бұл деректі фильмі Британияның «Бафта» марапатын да алып үлгерген.

Алексей Навальный Владимир облысының Мелехово қаласындағы №6 колонияда жазасын өтеп жатыр. Ол 2021 жылдың қаңтарында Ресейге оралғаннан кейін бірден бас бостандығынан айырылған болатын.

Оппозиционердің айтуынша, ол түрмеде отырғанда «терроризмді насихаттауға, экстремистік қызметті қаржыландыруға, нацизмді ақтауға» байланысты оған қарсы жаңа қылмыстық іс қозғалғаны туралы ресми хабарлама алған. Саясаткер кінәсін мойындамады. Навальныйдың айтуынша, бұл әрекеттер қалыпты саяси қызметті білдіреді.

Осыдан тура бір жыл бұрын, 20 қазанда Еуропарламент Навальныйға «бостандық, демократия және адам құқықтары үшін күрестегі батылдығы үшін» деген тұжырыммен Андрей Сахаров атындағы «ой бостандығы үшін» сыйлығын берген болатын.

Сая Манарбековна

Recent Posts

Колледж студенттері бәсекесі: білім мен зияткерлік сайысы өтті

Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…

1 месяц ago

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

5 месяцев ago

«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…

11 месяцев ago

Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті

Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…

11 месяцев ago

Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді

23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…

11 месяцев ago

Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр

Алматының Атакентінде қыркүйектің 4-6 аралығында Kazbuild 2024 көрмесі өтіп жатыр. Бұл жолы Қытайдың ең ірі…

1 год ago