Categories: Экономика

Си Цзиньпин сапары. Қытайға Қазақстаннан не керек

Елдер арасындағы тауар айналымының көлемі жеті айда 37,8%-ға өсті. Елдер арасындағы экономикалық қатынастар қалай дамып жатқаны туралы LS порталы жазды.

2022 жылдың I тоқсанында қазақстандық компаниялар $310 млн Қытай инвестициясын тартты, бұл өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 40,1%-ға артық. Өз кезегінде Қазақстан Қытай кәсіпорындарына $12,2 млн салды — бұл 2021 жылдың I тоқсанына қарағанда 11,9%-ға артық.

Биылғы жылдың 1 қыркүйегіндегі мәліметтер бойынша

Қазақстан аумағында Қытайдан заңды тұлғалардың қатысуымен барлығы 1,6 мың компания өз қызметін жүзеге асырады.

Олардың ішінде 19 ірі, 14 орта және 1,5 мың шағын кәсіпорын бар. Жалпы, бұл өткен жылмен салыстырғанда 23%-ға артық.

Бұл компаниялардың қызметі негізінен саудада (567), құрылыста (175), тау-кен өнеркәсібінде және карьерлерді қазуда (106), өңдеу өнеркәсібінде (105), ақпарат және байланыс саласында (80) ұсынылған.

Қытай инвестициялары үшін Алматы (871) және Нұр-Сұлтан (346) ең тартымды қалалар болып табылады. Ақтөбе облысында 69 компания, Алматы және Маңғыстау облыстарында – 49, Қызылорда облысында – 37 компания орналасқан.

Елдер арасындағы тауар айналымының көлемі ағымдағы жылдың қаңтар-шілдесінде өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 37,8%-ға өсіп, $13,5 млрд құрады, оның ішінде $8 млрд-ы экспортқа (+51,7%), $5,5 млрд-ы импортқа (+22,6%) тиесілі.

Экспортталатын тауарлар арасында шикі мұнай ($2,5 млрд-қа 3,4 млрд тонна), тазартылған мыс ($1,6 млрд-қа 172,1 мың тонна), мыс кені ($1,2 млрд-қа 696,1 млн тонна), мұнай газы ($669,6 млн-ға 1,8 млн тонна) және ферроқорытпалар ($436,7 млн-ға 295,8 мың тонна).

Осы жылдың жеті айында Қытайдан Қазақстанға 1,3 млн дана есептеу машинасы ($419,4 млн-ға), 2 млн дана телефон аппараты ($410,3 млн-ға), 48,9 мың дана электр генераторлары ($187,9 млн-ға) импортталды. Сондай-ақ, импортталатын тауарлардың топ-5 құрамына бульдозерлер ($118,3 млн-ға 2,7 мың дана) және автомобиль бөлшектері ($114,2 млн-ға) кірді.

Анара Бауыржанқызы

Recent Posts

Кредиті айлығының жартысына жеткендерге жаңа несие бермейді

Қазақстанда енді несие беру кезінде қарыздық коэффициентті есептеу жүйесі қолданылады. Егер адамның ай сайын төлейтін…

8 часов ago

Қазақстан бірегей көне қыпшақ кітаптарының цифрлық көшірмесіне қол жеткізді

Қазақстанның дәл бүгінгі қоғамдық өмірінде тарих қойнауында жинақталған бағалы деректерге баса назар аударудың маңызы зор.…

1 день ago

Экс-министр Ерлан Тұрғымбаев екі айға қамалды

Қазақстанның бұрынғы ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев екі айға қамауға алынды, деп хабарлайды дереккөз. 30…

1 день ago

Қазақстан әуежайларында қауіпсіздік шаралары күшейтіледі

2024 жылғы 1 мамырдан бастап еліміздің барлық әуежайларында авиациялық қауіпсіздікті күшейту бойынша вокзал маңындағы алаңдарда,…

1 день ago

Мектепте соңғы қоңырау өтетін болды — министр үндеуі

ҚР Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев мектеп түлектеріне үндеу жасады. Министрдің айтуынша, оқу жылы маусым айына…

3 дня ago

Алматыдағы мәйітхана күзетшісінің сұмдық тірлігі

Ол қайтыс болған адаммен жыныстық қатынас жасады деген күдікке ілінді. Алматы қалалық Полиция департаменті аталған…

4 дня ago