Categories: Саясат

Си Цзиньпиннің Қазақстанға сапары бұл — Ресейге сес көрсету — саясаттанушы

Си Цзиньпин сияқты саяси алыптың келуі — Қазақстан үшін үлкен жетістік, дейді саясаттанушы Самат Нұртаза және Қытай көшбасшысы пандемия жылдарындағы үш жылдық үзілістен кейін ең алғаш баратын елі ретінде неліктен Қазақстанды таңдағанына өз ойын білдірді.

Саясаттанушының пікірінше, Қазақстан — Қытай экономикасының басты болмаса да, барлық сала бойынша ең маңызды серіктестерінің бірі. Оның ішінде азық-түлік, ауыл шаруашылығы, мал шаруашылығы, транзиттік құрылым тағы басқа салалар бар. Қытайдың Тынық мұхит өңіріндегі «күрделі» қарым-қатынасын ескере отырып, Қазақстан Қытай үшін бейтарап әлемге терезе іспетті. Яғни, Қытаймен дос болғысы келетін, сауда-экономикалық қарым-қатынас жасағысы келетін, бірақ шекаралас емес елдер бар. Міне, осы тұрғыда Қазақстан үлкен роль атқарады.

Бұған тағы Си Цзиньпиннің Қасым-Жомарт Тоқаевпен жеке тығыз қарым-қатынасы да әсер етпей қоймайды. Қытайдың барлық 14 көршісінің ішінде қытай тілін меңгерген және қытай мәдениетін, дәстүрлері мен құндылықтарын білетін адам Қазақстан басшылығында отыр. «Мұны қытайлар сөзсіз бағалайды», — деп сенеді Нұртаза.

Және де геосаясат та соңғы роль ойнамайды. Ресей-Украина шайқасы аясында Қытай басшысының Қазақстанға уақытылы сапары маңызды болып табылады. Си Цзиньпин мырзаның «Қытай Қазақстанның тәуелсіздігін, егемендігі мен аумақтық тұтастығын сақтайды» деген сөздері біз үшін айтылмады. Бұл Ресейге қарата айтылған сөздер. Мен бұған 200% сенімдімін.

Си Цзиньпин мырзаға рақмет айта отырып, осындай мықты, бай және сенімді көршіміз барына тағдырға ризашылығымызды білдірейік,

дейді Самат Нұртаза.
Анара Бауыржанқызы

Recent Posts

«Теңіз ұстазы» фестивалі: Құлсарыда Жылыой ауданының ең креативті мұғалімдері марапатталып, білім берудің жаңа стандарттары таныстырылды

Құлсары қаласы, 25 ақпан 2026 жыл - Құлсары қаласында  «Теңіз ұстазы» ауқымды педагогикалық фестивалі өтті.…

3 недели ago

 Жылыой мұғалімдері оқу үдерісіне заманауи әдістемелерді енгізуде

Жылыой ауданында өткен жылдан бері функционалдық сауаттылықты дамытуға және мектептегі білім сапасын арттыруға бағытталған «Теңіз…

1 месяц ago

ЖОО оқытушыларының біліктілігін арттыруға арналған қысқы мектеп өтуде

Халықаралық білім беру корпорациясында 2026 жылғы 19-23 қаңтар аралығында Халықаралық білім беру корпорациясында (ҚазБСҚА) «Қысқы…

2 месяца ago

Абай университеті әлемдік QS рейтингінде «бес жұлдыз» үздік белгісіне ие болды

Марапат Сеул қаласында өткен QS Stars Award Ceremony рәсімінде берілді Бүгін Қазақстан мен Орта Азиядағы…

4 месяца ago

Колледж студенттері бәсекесі: білім мен зияткерлік сайысы өтті

Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…

6 месяцев ago

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

10 месяцев ago