Сыртқы істер министрлігінің өкілі Айбек Смадияров Шенген визасын алу кезінде қазақстандықтар үшін неге жаңа ережелер енгізілгенін айтты деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Айбек Смадияровтың айтуынша, визаға қатысты заңдардың шығуы қазақстандықтардың құқықбұзушылықтарымен байланысты.
Кейбір азаматтарымыз Шенген елдеріне барып, автокөлік жалдау кезінде айыппұлдарды төлемей, елден кетеді. Әрине, көзқарас нашарлайды. Басқа да құқық бұзушылықтар бар. Шетелге барған кезде сол елдің ережелері мен заңдарын сақтау қажет. Студенттер несие алады да, қайтармай, кетіп қалады,
деді ол.
Естеріңізге салсақ, қазақстандықтарға Шенген визасын алу айтарлықтай қиындай түскен. СІМ өкілдері Шенген визасын алуға жеңілдіктер қарастыратын келіссөздер жүргізуге әрекет етіп жатқаны белгілі болды.
Құлсары қаласы, 25 ақпан 2026 жыл - Құлсары қаласында «Теңіз ұстазы» ауқымды педагогикалық фестивалі өтті.…
Жылыой ауданында өткен жылдан бері функционалдық сауаттылықты дамытуға және мектептегі білім сапасын арттыруға бағытталған «Теңіз…
Халықаралық білім беру корпорациясында 2026 жылғы 19-23 қаңтар аралығында Халықаралық білім беру корпорациясында (ҚазБСҚА) «Қысқы…
Марапат Сеул қаласында өткен QS Stars Award Ceremony рәсімінде берілді Бүгін Қазақстан мен Орта Азиядағы…
Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…
2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…