Categories: Саясат

СІМ өкілі қазақстандықтарға Шенген визасын алу не себепті қиындағанын айтты

Сыртқы істер министрлігінің өкілі Айбек Смадияров Шенген визасын алу кезінде қазақстандықтар үшін неге жаңа ережелер енгізілгенін айтты деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Айбек Смадияровтың айтуынша, визаға қатысты заңдардың шығуы қазақстандықтардың құқықбұзушылықтарымен байланысты.

Кейбір азаматтарымыз Шенген елдеріне барып, автокөлік жалдау кезінде айыппұлдарды төлемей, елден кетеді. Әрине, көзқарас нашарлайды. Басқа да құқық бұзушылықтар бар. Шетелге барған кезде сол елдің ережелері мен заңдарын сақтау қажет. Студенттер несие алады да, қайтармай, кетіп қалады,

деді ол.

Естеріңізге салсақ, қазақстандықтарға Шенген визасын алу айтарлықтай қиындай түскен. СІМ өкілдері Шенген визасын алуға жеңілдіктер қарастыратын келіссөздер жүргізуге әрекет етіп жатқаны белгілі болды.

Анара Бауыржанқызы

Recent Posts

Қазақстанда футболдан EURO-2024 ойындары көрсетіледі

14 маусымда Германияның Мюнхен қаласында футболдан XVII Еуропа чемпионаты басталады. «Қазақстан» телеарадиокорпорациясы Еуро-2024 матчтарын тікелей…

2 дня ago

Қазақстанда жаңа саяси партия тіркеледі

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте әділет вице-министрі Ботагөз Жақселекова "Ынтымақ" саяси партиясы қашан мемлекеттік тіркеуден…

2 дня ago

Астанада мас күйінде көлік басқарған 45 жүргізуші сотталды

Қазақстан Республикасының заңнамасында көлік құралын мас күйінде басқарғаны үшін әкімшілік жауапкершілікпен қатар қылмыстық жауапкершілік қарастырылған.…

2 дня ago

Еңбек министрінің атынан жазылған хабарламалар — фейк

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпованың атынан әлеуметтік желілер мен мессенджерлердегі ашылған…

2 дня ago

Мұрат Әбділда сотқа жазасын ауыстыру жөнінде өтініш жасады

Осыдан 2 жыл бұрын әлеуметтік алауыздыққа бағытталған әрекет жасағаны үшін сотталған блогер Мұрат Әбділда сотқа…

2 дня ago

«Мүгедек боп оралды»: Шымкентте әке баласын әскерилер бопсалағанын айтты

Шымкентте әскерилер жас жігітті комиссариатқа күштеп апарып, пара беруге бопсалаған. Мерзімді әскерге шақырылушы ақша таппай,…

3 дня ago