Categories: Саясат

СІМ Қытайдың Франциядағы елшісі айтқан сөзге қатысты пікір білдірді

Сырты істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров министрлікте өткен брифингте Қытайдың Франциядағы елшісі Лу Шаеның сұхбатында айтқан мәселесіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Журналистер Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі осы мәселеге қатысты қандай пікір айтатынын сұрады. «Қазақстан Қытайдың Франциядағы елшісінің сөзіне байланысты нота жібермей ме?» деді БАҚ өкілдері.

Бұл елші Францияда жұмыс істейді, ол жерге қалай нота жібереміз? Ол Парижде жұмыс істейді. Сөздерді аударып, мүлде басқа тақырыпқа әкелмейік,

деді ресми өкілі Айбек Смадияров.

Сонымен қатар Айбек Смадияров 1992 жылы 2 наурызда Қазақстан БҰҰ-на мүше болғанын еске салды:

  • Ұйымға қабылдау туралы шешімді ҚХР тұрақты мүшесі болып табылатын Қауіпсіздік Кеңесінің ұсынымы негізінде Бас Ассамблея қабылдайды. Сонымен бірге 1991 жылы 16 желтоқсанда Қазақстан Республикасы тәуелсіздігін жариялағаннан кейін Қытай елі еліміздің егемендігін, тәуелсіздігі мен аумақтық тұтастығын алғашқылардың бірі болып мойындағаны белгілі.
  • Көп ұзамай, 1992 жылдың 3 қаңтарында елдеріміз дипломатиялық қарым-қатынас орнатқанын ресми түрде жариялады. Халықаралық құқықта дипломатиялық қатынас орнату мемлекетті халықаралық құқық субъектісі ретінде тану дегенді білдіреді.
  • 2022 жылғы 23 желтоқсанда Қазақстан Республикасы мен Қытай арасында тату көршілік, достық және ынтымақтастық туралы іргелі келісімге қол қойылды. Осы құжатқа сәйкес тараптар егемендік пен аумақтық тұтастықты құрметтейді.

Мен Қазақстан мен Қытай арасындағы байыпты қарым-қатынас туралы айтатын барлық тармақты тізіп шықтым. Қытай Сыртқы істер министрлігі өз елшісінің әрекетін түсіндіріп, өз ұстанымына толық реакциясын білдірді,

деді Смадияров.
Анара Бауыржанқызы

Recent Posts

«Теңіз ұстазы» фестивалі: Құлсарыда Жылыой ауданының ең креативті мұғалімдері марапатталып, білім берудің жаңа стандарттары таныстырылды

Құлсары қаласы, 25 ақпан 2026 жыл - Құлсары қаласында  «Теңіз ұстазы» ауқымды педагогикалық фестивалі өтті.…

3 недели ago

 Жылыой мұғалімдері оқу үдерісіне заманауи әдістемелерді енгізуде

Жылыой ауданында өткен жылдан бері функционалдық сауаттылықты дамытуға және мектептегі білім сапасын арттыруға бағытталған «Теңіз…

1 месяц ago

ЖОО оқытушыларының біліктілігін арттыруға арналған қысқы мектеп өтуде

Халықаралық білім беру корпорациясында 2026 жылғы 19-23 қаңтар аралығында Халықаралық білім беру корпорациясында (ҚазБСҚА) «Қысқы…

2 месяца ago

Абай университеті әлемдік QS рейтингінде «бес жұлдыз» үздік белгісіне ие болды

Марапат Сеул қаласында өткен QS Stars Award Ceremony рәсімінде берілді Бүгін Қазақстан мен Орта Азиядағы…

4 месяца ago

Колледж студенттері бәсекесі: білім мен зияткерлік сайысы өтті

Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…

6 месяцев ago

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

10 месяцев ago