Фото: Ақорда
Қасым-Жомарт Тоқаев Сингапурдың Премьер-министрі кеңсесінің министрі Мұхамед Малики бин Османмен кездесті. Бұл туралы Ақорда хабарлады.
Президент Сингапурдың Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңестің VI саммитіне қатысатыны АӨСШК процесі дамуына елеулі үлес қосатынын айтып өтті. АСЕАН-дағы маңызды серіктесі – достас Сингапурмен тығыз ынтымақтастықты жоғары бағалайтынын жеткізді.
Кездесуде екіжақты сауда-экономикалық және инвестициялық байланыстардың артқаны айтылды.
Мұхамед Малики бин Осман Қасым-Жомарт Тоқаевқа Премьер-министр Ли Сянь Лунның ізгі тілегін жеткізді. Сингапур делегациясының басшысы өз елінің Қазақстанмен өзара іс-әрекетті одан әрі нығайтуға ниетті екенін айтты,
делінген хабарламада.
Кездесу соңында Сингапур министрі мемлекет басшысына Президент Халима Якобтың Сингапурға мемлекеттік сапарға шақыратынын тағы да растады.
Құлсары қаласы, 25 ақпан 2026 жыл - Құлсары қаласында «Теңіз ұстазы» ауқымды педагогикалық фестивалі өтті.…
Жылыой ауданында өткен жылдан бері функционалдық сауаттылықты дамытуға және мектептегі білім сапасын арттыруға бағытталған «Теңіз…
Халықаралық білім беру корпорациясында 2026 жылғы 19-23 қаңтар аралығында Халықаралық білім беру корпорациясында (ҚазБСҚА) «Қысқы…
Марапат Сеул қаласында өткен QS Stars Award Ceremony рәсімінде берілді Бүгін Қазақстан мен Орта Азиядағы…
Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…
2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…