Фото: ашық дереккөзден
Бір топ тұрғын көлік аламын деп қаржысынан айырылды. Олар әнші Сиви Махмуди мен оның көмекшілеріне алданғанын айтты. Бұл туралы Aikyn.kz КТК арнасына сілтеме жасап хабарлайды.
Алданғандардың кейбірі 18 миллион теңгені әншінің шотына аударған. Қызылордалық ағайынды жігіттер осыдан үш ай бұрын әлеуметтік желіден Дубайдан пайыздық үстемесіз көлік тасымалдайтын жігіттердің аккаунтын тапқан. Сұрастыра келе, таныстарының су жаңа көлікті осы адамдар арқылы алғанын білген. Ортадағы делдал жігіт оған қоса өзін танымал әнші «Сиви Махмудидің көмекшісімін, әрі продюсерімін» деп таныстырыпты.
Бес жарым миллион теңге шотқа түскен соң, өзін әншінің көмекшісімін деп таныстырған Абай Малахов та ұшты-күйлі жоғалған. Енді не көлік, не ақша жоқ.
Көлікті аламын деп алданып, жұбайыммен ажырасайын деп жатырмын. Ата-анам да қатты уайымдап отыр. «Не қылдың, балам?» деп сұрайды,
дейді жәбірленуші.
Осылай алданғандар саны қазір қырыққа жуықтаған. Мәселенің мән-жайын білу үшін әншінің өзіне хабарластық. Сөйтсек, Сиви Махмуди бұл көмекшімен ат құйрығын кескеніме біраз болды деп отыр. Қазір әнші экс-көмекшісінің үстінен арыз жазып, соттасуға дайындалып жатыр.
Сіздің атыңызды пайдаланып жүр, ақша қарыз» деп бір емес, екі-үш адам хабарласты. Мен таңқалдым, Абайға хабарластым, ол мойындамай қойды. «Жоқ, мен олай істеген жоқпын, ондайды білмеймін» деді. Оған дейін менің карточкамды сұраған. «Карточкаларым бұғатталып қалған еді, бере тұрасыз ба?» деп сұраған,
дейді әнші Сиви Махмуди.
«Карточкам бұғатталып қалды» деп Сивидің сеніміне кіріп алған Абай Малаховтың нақты қанша адамнан ақша алғаны белгісіз. Белгілісі, ол қазір Дубайда сауық-сайран құрып, Instagram-да әдемі фотоларын жүктеуден қолы тимей жүр.
Мен осы телефонды ұстап жүргеніме 15 жыл болды. Телефоным қосылып тұр. Барлығымен байланыста отырмын. Мен қашып жүрген жоқпын. Инстаграмдағы парақшамды ашып қарасаңыз болады. Менде бәрін тіркеп, жазып алып отырған командам бар. Мен өзім де сондай жағдайға түсіп отырмын. Мені мына жақта бір миллион долларға алдап кетіп отыр,
деп ақталды Сивидің бұрынғы көмекшісі Абай Малахов.
Заңгерлер шетелден қандай да бір мүлік аларда, ортадағы делдалды мұқият зерттеп алған жөн дейді. Себебі, уәденің құжаттағы келісімшарт секілді күші жоқ.
Оқырманы көп болса, атақты адам болса соның артынан жүгіретін заман болды. Адам сәл де болса сауатты болу керек қой. Мұның барлығына қазір заңмен тыйым салу керек. Қазір мұндай шағым көбейіп кетті.
2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…
Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…
23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…
Алматының Атакентінде қыркүйектің 4-6 аралығында Kazbuild 2024 көрмесі өтіп жатыр. Бұл жолы Қытайдың ең ірі…
Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Е. Саденовтың тапсырмасымен пробация қызметтері мен полиция бөлімшелерінің өзара іс-қимылының…