Categories: Саясат

«Сізден басқа лайықты жоқ». Тоқаевты жүйе азғырды

«Эмоциялар басылды. Неше күннен бері сайлау турасында біраз азаматтармен пікір алмастым. Үлкендердің ойын тыңдадым. Ел ішіндегі жағдайды тағы бір сүзгіден өткіздім. Президент сайлауына қатысты пайымым мынау», деп жазады Азамат Битан.

Президент – ол жалғыз адам емес. Ол тұтас жүйе. Сондықтан қандай ұсыныс, ел тағдырына қатысты мәселеде бір адам шешім шығармайды. Көп жағдайда жақын адамдармен кеңеседі. Кейін барып бір тоқтамға келеді. Осы тұрғыдан келгенде, Тоқаевтың қасында билік пен халықтың жағдайын әділетті түрде таразыға сала алатын адам жоқ.

Жағымпаздық, жалпақшешейлік, “Сіз деген жеңіп шығасыз, басқа ешкім лайық емес” деген азғырулар болған сияқты.

Егер мемлекеттің Тәуелсіздігіне қауіп төніп тұрса, халық сыртқы жағдайларды түбіне дейін көрмей отырған болса, оны билік ашық айтуы керек. Әйтпесе, мен Конституцияға кезекті рет өзгерту енгізуге келіспеймін. Ата заңға өзгерістер тек қана бүкіл елдің дауыс беруі арқылы реттелуі керек. Халықтың тағдырын депутаттар, зиялы қауым, басқа да көзге түскісі келіп жатқан адамдар шешпеуі керек!

7 жыл тым ұзақ мерзім. Ертең басқа адам келіп шимайлайды. “Енді дұрыс болды, аса қажет өзгеріс” деп тағы өтірік сөйлейміз бе? Сонда бұл процесс қашан тоқтайды?!

Үндемей отыра алмадым. Бұл қызмет сұрау, көп көзіне түсіп қалу, жүйеге қарсы адам болып көріну емес. Менің ешқандай партияға, қозғалысқа, әлдебір топтарға қатысым жоқ. Аллаға шүкір, лауазымды қызметсіз де өсіп-өніп жатырмыз, алға қойған мақсат-мұратым да бар. Білімім, тәжірибем бала-шағамды асырауға, жеткізуге жетеді. Бірақ осы елде өмір сүріп жатқан соң жерде өзім үшін осындай қорытындыға келдім. Келісерсіз, келіспессіз, өз шаруаңыз. Қалған 2 жыл мерзім ел билеуге де, ел ішінде өзгеріс жасауға да аздық етпейді.

Өтетін сайлау сосын өтсін. Бұ не қылған асығыстық?!

Айдын Қайнарұлы

Recent Posts

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

4 месяца ago

«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…

9 месяцев ago

Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті

Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…

10 месяцев ago

Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді

23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…

10 месяцев ago

Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр

Алматының Атакентінде қыркүйектің 4-6 аралығында Kazbuild 2024 көрмесі өтіп жатыр. Бұл жолы Қытайдың ең ірі…

1 год ago

Алматы қаласында 2600 ден астам сотталған азамат есепке алынған

Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Е. Саденовтың тапсырмасымен пробация қызметтері мен полиция бөлімшелерінің өзара іс-қимылының…

1 год ago