Өскемен жылу электр орталығының жұмысы да сыр берді

Өңірде 40 градус аяз.

ШҚО-да мектептерде сабақ уақытша тоқталып, оқушылар қашықтан білім алды. Өскемен жылу электр орталығының жұмысы да сыр берді. Ал қала жастары мен кей мекеме мамандары көше тазалап жүрген жұмысшылар мен аялдамадағы жолаушыларға ыстық шай тараттты, деп хабарлайды Хабар 24 телеарнасы.

Қатты аязда Өскемен жылу электр орталығы пәтерлерді жылыта алмай жатыр. Желідегі су мөлшері көбейіп, салдарынан температура түсіп кеткен. Тұрғындар баспанасының салқындап кеткенін айтып шағымдануда. Дегенмен жылу станциясында ақау болғанын мамандар жасырмады. Қазандық агергаттарының бірінде датчик істен шыққан. Бірақ екі сағат ішінде жөнделген. Енді су айналымы қалыпқа келгенше шыдауға тура келеді.

Қазір станция қызметі штаттық режімде. 7 қазандық 6 турбоагрегат жұмысы істеп тұр. Дегенмен жөндеу жұмыстары әлі де жалғасып жатыр. Станция қуатын азайтып, желідегі температураны арттырған. Ішкі шаралар аяқталған соң, барлығы реттеледі деп уеде етті басшылық.

Шыңылтыр аяз шаһардағы көлік қозғалысын қиындатты. Қоғамдық транспорттың 40 проценті желіге шықпады. Жүріп жүргендері де жиі сынып жатыр. Оны ауыстыратын келесі көлік шыққанша аялдама адамға лық толады. Аязға шыдамай электр сымдары үзілген трамвайлардың да бірнешеуі тұралап тұр.  Дегенмен автопарк қазір күшейілген тәртіпке көшіпті.

Сондай-ақ қала жастары болса қайырымдылық жасауға көшті. Автобустарын сарыла күткен аялдамадағы жолаушыларға ыстық шай, бәліш таратты.  Олар күн райы қандай болса да міндетін мінсіз орындайтын коммуналдық сала жұмысшыларын да ұмытпады.

Жастардың ізгі ісін қылмыстық атқару жүйесі комитетінің қызметкерлері де іліп әкетті. Олар да аяздан домбыққан тұрғындарға ыстық сусын мен бауырсақ таратып, қайырлы істі жалғастыруға шақырды. Синоптиктер болса түнде облыста сынап бағанасы 36-38 кей жерде 43 градусқа дейін төмендеуі мүмкін дейді. Ал ертең аяз сынады. Өскеменде күндіз 21-23 градус суық болады деп болжанды.

Сая Манарбековна

Recent Posts

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

4 месяца ago

«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…

9 месяцев ago

Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті

Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…

10 месяцев ago

Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді

23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…

10 месяцев ago

Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр

Алматының Атакентінде қыркүйектің 4-6 аралығында Kazbuild 2024 көрмесі өтіп жатыр. Бұл жолы Қытайдың ең ірі…

1 год ago

Алматы қаласында 2600 ден астам сотталған азамат есепке алынған

Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Е. Саденовтың тапсырмасымен пробация қызметтері мен полиция бөлімшелерінің өзара іс-қимылының…

1 год ago