Categories: Оқиға

Өскеменде балкон опырылып, әйел үшінші қабаттан құлап кетті

Өскеменде балконның бір бөлігі опырылып, онда тұрған әйел үшінші қабаттан құлап кетті. Куәгерлер бірден жедел дәрдем шақырған. Абырой болғанда, әйел ауыр жарақаттар алмады деп хабарлайды «Еуразия бірінші арнасы».

Оқиға орнында болған куәгер Бақытгүл Ақылбаева зардап шеккен әйелдің баласын құтқаруды сұрағанын мәлімдеді. 

«Үлкен нәрсенің құлағанын естідік. Кеңседен шығып едік, адамдар балконның жанына жиналыпты. Сол жерде жатқан әйелді көрдім. Ол 6 айлық баласын құтқаруды сұраумен болды», – дейді ол. 

Куәгерлердің арасында дәрігер де болыпты. Бірақ пәтерге кіре алмаған соң зардап шеккен әйелдің көршісімен бірге есікті бұзған. 

«Пәтерге кірсек күйген иіс шығып тұрды. Ал бала жылап отыр екен. Әйел тамақ пісіргісі келген секілді, қазанды қойып, май немесе су да құймаған. Салдарынан ақ түтін пәтерге жайылған. Өте қорқынышты болды, аяқ-қолымыз дірілдеп кетті», – дейді куәгер Раушан Смайылова. 

Баланы таза ауаға алып шыққан соң Раушан жақындары келгенше сәбимен бірге болыпты. Ал зардап шеккен әйелді ауруханаға алып кеткен. Денсаулық сақтау басқармасы мәлім еткендей ол ауыр жарақаттар алмаған. Енді қала тұрғындары балкондардың жағдайына байланысты алаңдаушылық білдіріп отыр. 

 

Анара Бауыржанқызы

Recent Posts

«Теңіз ұстазы» фестивалі: Құлсарыда Жылыой ауданының ең креативті мұғалімдері марапатталып, білім берудің жаңа стандарттары таныстырылды

Құлсары қаласы, 25 ақпан 2026 жыл - Құлсары қаласында  «Теңіз ұстазы» ауқымды педагогикалық фестивалі өтті.…

3 недели ago

 Жылыой мұғалімдері оқу үдерісіне заманауи әдістемелерді енгізуде

Жылыой ауданында өткен жылдан бері функционалдық сауаттылықты дамытуға және мектептегі білім сапасын арттыруға бағытталған «Теңіз…

1 месяц ago

ЖОО оқытушыларының біліктілігін арттыруға арналған қысқы мектеп өтуде

Халықаралық білім беру корпорациясында 2026 жылғы 19-23 қаңтар аралығында Халықаралық білім беру корпорациясында (ҚазБСҚА) «Қысқы…

2 месяца ago

Абай университеті әлемдік QS рейтингінде «бес жұлдыз» үздік белгісіне ие болды

Марапат Сеул қаласында өткен QS Stars Award Ceremony рәсімінде берілді Бүгін Қазақстан мен Орта Азиядағы…

4 месяца ago

Колледж студенттері бәсекесі: білім мен зияткерлік сайысы өтті

Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…

6 месяцев ago

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

10 месяцев ago