Categories: Маңызды

Әскерге барған жастардың кредитіне «демалыс» беріледі

Қорғаныс министрлігі мен Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі мерзімді қызметтің сарбаздарына «несиелік демалыс» беру туралы меморандумды бекітті. Құжатқа қос ведомство басшысы генерал-полковник Руслан Жақсылықов пен Мәдина Әбілқасымова қол қойып тастады.

Қорғаныс ведомствосының бұл бастамасы мерзімді қызметтегі әскери қызметшілерге әскери қызмет өткеру кезеңінде өз несиелерін ұмытуға мүмкіндік береді. Несиелер бойынша төлемдерді кейінге қалдыру барлық банктермен және микроқаржы ұйымдарымен сарбаздардың барлық ақшалай қарыздарын тоқтата тұру көзделеді.

Меморандумды іске асыру үшін Қорғаныс министрлігінің Агенттікпен және қаржы ұйымдарымен өзара іс-қимылының арнайы алгоритмі әзірленді. Осыған сәйкес, шақыру науқаны кезінде болашақ Отан қорғаушылардың жиналған банктік қарыздары мен шағын несиелері туралы мәліметтер бірден Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігіне жіберілетін болады.

Осы деректердің негізінде кредиторлар негізгі борыш пен сыйақы бойынша төлемдерді кейінге қалдыру және берешекті өндіріп алудың барлық нысандарын тоқтата тұру мәселелерін пысықтайды.

Төлемдерді кейінге қалдыру кезеңінде кредитор сотқа беруді, берешекті өндіріп алу мақсатымен атқарушылық жазба жасау үшін нотариусқа жүгінуді, тұрғын үйді сатуды, қарыз алушының отбасын пәтерден шығаруды тоқтата тұрады. Сондай-ақ, сот актілеріне сәйкес кредитор берешекті өндіріп алудың барлық нысандарын тоқтатуға міндеттеледі.

Жалпы, меморандум қаржылық қызметтерді тұтынушылардың заңды мүдделерін уақтылы қорғауға бағытталған. Ол сондай-ақ әскери қызметтің белгіленген мерзімін өткеру кезеңінде мерзімді қызметтегі әскери қызметшілердің қарыздары мен шағын несиелері бойынша міндеттемелерді орындай алмауына байланысты туындайтын әлеуметтік шиеленісті жоюға ықпал ететін болады.

Айдын Қайнарұлы

Recent Posts

«Теңіз ұстазы» фестивалі: Құлсарыда Жылыой ауданының ең креативті мұғалімдері марапатталып, білім берудің жаңа стандарттары таныстырылды

Құлсары қаласы, 25 ақпан 2026 жыл - Құлсары қаласында  «Теңіз ұстазы» ауқымды педагогикалық фестивалі өтті.…

3 недели ago

 Жылыой мұғалімдері оқу үдерісіне заманауи әдістемелерді енгізуде

Жылыой ауданында өткен жылдан бері функционалдық сауаттылықты дамытуға және мектептегі білім сапасын арттыруға бағытталған «Теңіз…

1 месяц ago

ЖОО оқытушыларының біліктілігін арттыруға арналған қысқы мектеп өтуде

Халықаралық білім беру корпорациясында 2026 жылғы 19-23 қаңтар аралығында Халықаралық білім беру корпорациясында (ҚазБСҚА) «Қысқы…

2 месяца ago

Абай университеті әлемдік QS рейтингінде «бес жұлдыз» үздік белгісіне ие болды

Марапат Сеул қаласында өткен QS Stars Award Ceremony рәсімінде берілді Бүгін Қазақстан мен Орта Азиядағы…

5 месяцев ago

Колледж студенттері бәсекесі: білім мен зияткерлік сайысы өтті

Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…

6 месяцев ago

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

10 месяцев ago