Categories: Оқиға

Әскерге сау кеткен баланы аямай ұрып-тепкен кім

Жамбыл облысында әскерге кеткен сарбаз сегіз айдан кейін ауыр жағдайда ауруханаға түскен.

Жақындарының айтуынша, соққының салдарынан ұлдарының қабырғасы сынып, бауыры ісіп кеткен, делінеді Информбюро 31 телеарнасының сюжетінде.

Ең сорақысы, бұл істі жылы жапқысы келген әскерилер туыстарына тіс жармастан сарбазды ауруханадан алып шығып емшілерге апарған екен.

Шырылдаған ана шала жансар күйде жатқан ұлының жағдайын ойлап күндіз күлкіден, түнде ұйқыдан айырылған. Қазан айында Жамбыл облысындағы 91/678 әскери бөліміне отан алдындағы борышын өтеуге кеткен ұлы Ерлан Бекеевтің маусым айының басында ауырып жатқанын естіген.

Әуел баста құлап қалдым деген сөзіне сеніп жүре бердік деген Гүлжәмилә Бәйленова кейіннен жағдайының нашар екенін сол жақта тұратын туысынан естіген. Нәр татудан қалған ұлым да кейін әскери бөлімдегілердің аяусыз соққыға жыққанын мойындады дейді. Ал, ұрған кісілер ұлымды әбден қорқытып тастаған деп отыр.

Үш жылдық контрактідегі сержант баламды ұрған. Басынан тепкен, ішінен тепкен. Баланы сөйтіп қорқытқан. Сенің әлі 4 айың бар қазір 8 ай өтедің. Егер айтатын болсаң қалған төрт айыңда саған азап беремін. Военный билет бермеймін характеристикаңды жамандап жазып берем деген баланы қорқытқан. Бапкер болғысы келген ұлым жоғарғы оқу орнына түсе алмай қалды,

дейді сарбаздың анасы Гүлжәмилә Бәйленова.

Бүгінде әскерге барғандарға оқуға түсу мүмкіндігі қарастырылғанын естіп, бірден өз еркімен отан қорғауға кеткен болатын деп отыр. Тіпті, соңғы уақыттарда 5 жылға келісіммен әскерде қалуды да көздеп жүрген еді дейді. Бірақ, аяусыз соққыдан кейін жағдайы нашарлап кеткен. Ал, әскери бөлімдегі ақ халаттылардың қолынан емдеу келмеген соң, қызметкерлердің емшілерге апарғанын айтады.

Операция жасауға болмайды деп өздері емшіге апарады баланы. Емшіге апарса бастан сотрясения алған, үш қабырғасы сынған баланың, өті қозғалған, бауыры ісіп тұр деген. Бала жазылмағаннан кейін, баланың жағдайы төмендей бастағаннан кейін Таразға ауыстырады,

дейді сарбаздың ағасы Нұрдәулет Бекеев.

Жамбыл облысындағы ауруханалардан ем таппаған жандар оны Алматыға ауыстыруға келіседі. Бірақ, анасы жағдайы мүшкіл баланы қазір Жаркент пен Алматының арасында ары-бері сүйреп әбден мезі қылғанын айтып отыр. Ас батпаған бала әбден қалжыраған дейді. Ал, қорғаныс министрлігінің мамандары болса, Ерлан Бекеевті ешкім ұрып-соққан жоқ деп отыр. Тек кезекшілікте тұрған кезде басын ұрып алған дейді.

Қатардағы жауынгер Ерлан Бекеевті ешкім ұрып-соқпаған. Бұл біріншіден. Осы факті бойынша Тараз горнизоны әскери полиция өкілдері тексеріс өткізді. Тексеріс барысында билігін асыра пайдалану фактісі де орын алған жоқ. Және де ұрып-соқпағаны дәлелденді. Себебі, компьютерлік томографияға түсіру барысында потологиялық көрініс анықталған жоқ бұл жерде. Кезекшілікте тұрған кезде ұрып алған деген бар. Басын соғып алған кезекшілікте тұрған кезде,

дейді Оңтүстік өңірлік қолбасшылығы басқармасының аға офицері майоры Рахат Тюлюбай.

Әбден қалжырап жатқан ұлын өз көзімен көрген Гүлжәмилә Бәйленова мұнымен келіспейтіндігін жеткізді.

Ешкіммен қақ-соғы жоқ жігітке осыншама қиянат жасағандар заң алдында жауап беруі тиіс дейді.

Арман Ерғалиев

Recent Posts

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

4 месяца ago

«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…

9 месяцев ago

Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті

Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…

10 месяцев ago

Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді

23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…

10 месяцев ago

Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр

Алматының Атакентінде қыркүйектің 4-6 аралығында Kazbuild 2024 көрмесі өтіп жатыр. Бұл жолы Қытайдың ең ірі…

1 год ago

Алматы қаласында 2600 ден астам сотталған азамат есепке алынған

Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Е. Саденовтың тапсырмасымен пробация қызметтері мен полиция бөлімшелерінің өзара іс-қимылының…

1 год ago