Фото: yandex.kz
2024 жылдың бірінші қаңтарынан бастап 17 жасқа толған азаматтардың құжаттары қарулы күштердің электронды базасына енгізіледі.
Қорғаныс министрлігінің бұл жобасы «Электрондық үкімет» порталы және «еGov» мобильдік қосымшасы арқылы жұмыс істейтін болады, деп хабарлайды 24.kz.
Тіркеу барысында азаматтарды әскери есепке алу, олардың саны мен әскери қызметке жарамдылық санаты айқындалады. Енді жастар әскери коммисариаттарға тіркелу үшін сағаттап кезекте тұрмайды.
Сондай-ақ, денсаулық жағдайы туралы мәліметтер тиісті ұйымдардың ақпараттық жүйелерінен алынатын болады. Қызмет түрлерін автоматтандыру арқылы қағазбастылық азаяды. Енді барлық құжат электронды түрде қолжетімді болмақ.
Азаматтарды шақыру учаскелеріне тіркеу процесі автоматты түрде жасалынатын болады. Негізі тіркеу процестері қаңтардың басынан, наурыздың аяғына дейін жүргізіледі. Бұл жұмыстың арқасында біз мемлекет үшін 1 миллиардтан астам қаржысын және азаматтардың уақытын үнемдеп отырмыз,
дейді ҚР Қорғаныс министрінің орынбасары Дархан Ахмедиев.
Құлсары қаласы, 25 ақпан 2026 жыл - Құлсары қаласында «Теңіз ұстазы» ауқымды педагогикалық фестивалі өтті.…
Жылыой ауданында өткен жылдан бері функционалдық сауаттылықты дамытуға және мектептегі білім сапасын арттыруға бағытталған «Теңіз…
Халықаралық білім беру корпорациясында 2026 жылғы 19-23 қаңтар аралығында Халықаралық білім беру корпорациясында (ҚазБСҚА) «Қысқы…
Марапат Сеул қаласында өткен QS Stars Award Ceremony рәсімінде берілді Бүгін Қазақстан мен Орта Азиядағы…
Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…
2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…