Фото: pixabay.com
Биыл наурыздың соңында ҚР президентінің сайтында жарияланған Қазақстанның ақпараттық доктринасында елдегі баспа басылымдары азаматтардың тек 9%-ы үшін ғана негізгі ақпарат көзі болып қала беретіні айтылған.
Және бұл негізінен егде жастағы адамдар. «Кең аудиторияның балама байланыс арналарына көшуі қоғамның баспа БАҚ-қа деген қызығушылығының тұрақты түрде төмендеп келе жатқанын көрсетеді. Мобильді интернеттің дамуының арқасында әлеуметтік желілер ел тұрғындарының кем дегенде жартысына, негізінен жастарға негізгі ақпарат көзіне айналды», — делінген құжатта.
Бұл үрдісті соңғы жылдардағы газеттердің жабылуы туралы хабарлардан түсінуге болады. Energyprom.kz редакциясы соңғы он жылдағы ірі баспа басылымдарының жабылуының негізгі себептері туралы деректерді жинады. Бәлкім, бұл толық тізім емес шығар, өйткені оған жабылуын республикалық ақпарат агенттіктері жазбаған аймақтық басылымдар кірмейді. Облыстық газеттер редакцияларының жұмысын тоқтатқаны туралы ақпаратты интернеттен де табу мүмкін емес. Сондықтан олардың саны бұдан да көп болса керек.
Соңғы екі жылда жабылғандар тізімінде бір кездері танымал болған «Караван», «Мегаполис» сияқты ірі газеттер мен қазақстандық байырғы басылымдарының бірі, 103 жылдық тарихы бар «Экспресс К» да бар. Баспа нұсқаларынан бас тарту тіпті қолдайтын сенімді инвесторы бар немесе ресейлік ірі баспа холдингтерінің филиалдары болған редакцияларда да байқалады. Олардың қатарында «Известия Казахстан» мен «Московский комсомолец в Казахстане» газеттері бар. Олар 2013-2014 жылдары ҚР нарығынан шығып кеткен.
БАҚ-тың жабылуының жиі айтылатын себептерінің бірі — газеттің бизнес үлгісінің қаржылық сәтсіздігі. Сондықтан газеттің қағаз нұсқасы жабылғаннан кейін жұмысын жалғастыруды ұйғарған көптеген редакциялар толығымен электронды форматқа көшіп, аудиториямен және жарнама берушілермен жұмыстың жаңа түрлерін тапты.
Редакциялардың экономикалық жағдайына да әсер еткен жабылудың басқа аталған себептері — аудиторияның қызығушылығын жоғалту және соның салдарынан таралымның азаюы және баспасөз құралдарының қолжетімділігінің азаюы. Бұл туралы «Караван» газетінің редакциясы оқырмандармен қоштасу хатында өте ықшамдап жазған: «Барлық жақсы оқиғалар ерте ме, кеш пе бітеді. Қазіргі әлемдік үрдіс бойынша тіпті ең танымал деген басылымдардың қағаз нұсқалары жабылып жатыр, өйткені адам оның бәрін интернеттен оқи алады. Қазақстанда да сондай жағдай. Газеттің не үшін керек екенін мүлде түсінбейтін тұтас ұрпақ өсті. Қазір үш-төрт жасқа толғандар бес-жеті жылдан кейін ақпаратты тек гаджеттен. Қағаз нұсқа интернеттен оңбай ұтылды».
2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…
Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…
23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…
Алматының Атакентінде қыркүйектің 4-6 аралығында Kazbuild 2024 көрмесі өтіп жатыр. Бұл жолы Қытайдың ең ірі…
Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Е. Саденовтың тапсырмасымен пробация қызметтері мен полиция бөлімшелерінің өзара іс-қимылының…