Оқиға

Соңғы бір айда Алматыда екі жас қыз зорланды

Ал полицияға хабарламайтын қыздар қаншама? Ар-намыс, ұят сынды тәрбиемен сіңген мінез қаншама қыздардың тағдырына балта шауып жатыр? Халық болып шу шығарғанымызбен де, бір тірлік әлі күнге дейін оңған жоқ. 150 мың қол жинаған петиция да қаралмаған күйі сандықта сақтаулы тұр. Салтанат Нүкенова барлық қыздардың тағдырына мардымды өзгерістер еншізу үшін өмірін қиған сияқты.

Соңғы бір айда Алматыда 18 жасар және 20 жасар екі қызды зорлап кетті. Бір емес, бірнеше жігіттер жабылып. Не деген сұмдық?

Бұл туралы «Не молчи» қорының құрылтайшысы Дина Таңсәрі хабарлады.

Оқиға 17 қарашаға қараған түні болды. Қыз бала әпкесімен және оның досымен бірге дүкенге шыққан. Қайтар жолда әпкесінің досы өзін нашар сезінеді. Сол кезде жолай өтіп бара көліктердің бірі жандарына тоқтап, жеткізіп салған. Кейін көлік жүргізушісі “заттарыңызды ұмытып кеттіңіз” деген желеумен жәбірленушіні шақыртып, артынша көлікке күштеп отырғызып, айдалаға алып кеткен.

Қазір 18 жастағы қызға заңгерлер кеңес беріп, психологиялық көмек көрсетіліп жатыр.

Оқиғаға қатысты Алматы полиция департаменті “сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық” бабымен тергеу басталғанын хабарлады. Қазір күдіктілердің бірінің жеке басы анықталып, қалған үшеуі іздестіріліп жатыр.

Екінші жағдай да Алматыда орын алған.

Жігіттер ойын-сауық мекемесінде 20 жастағы бойжеткеннің алкогольдік ішімдігіне әлдебір зат салып жіберген. Сосын қызды ұрлап әкетіп, зорлаған. Сондай-ақ күдіктілер жәбірленушіге моральдық шығын үшін 300 мың теңге ұсынған.

Полиция жедел-іздестіру шаралары барысында күдіктілерді анықтап, ұстады. Тиісті сараптамалар тағайындалды. Сонымен қатар жәбірленушінің алкогольдік сусынына белгісіз зат қосылғаны туралы тексеріс жүргізіліп жатыр.

Сондай-ақ полиция қылмыстық процеске қатысушылар арасындағы хат алмасу Instagram желісі арқылы жүргізілгенін анықтады. Егер шағымды кері қайтарып алатын болса, ол жазаны жеңілдетуі мүмкін, бірақ қылмыстық істі тоқтатуға негіз болмайды.

Салтанат Нүкенованың өлімінен кейін «Немолчи» қоры 20 күн қатарынан жігіттерден зардап шеккен, немесе күйеуінің қолынан қаза тапқан қыздардың тізімін жариялайтын акция жүргізе бастады. Беделді ер азаматтар да «зорлық-зомбылыққа қарсы» челлендж бастады.

Бәріміз жұмылып бір жеңнен қол, бір жағадан бас шығарып ат салыссақ, елімізде өзгерістер болатын күн туатынына сенеміз.

Сая Манарбековна

Recent Posts

Қазақстанда футболдан EURO-2024 ойындары көрсетіледі

14 маусымда Германияның Мюнхен қаласында футболдан XVII Еуропа чемпионаты басталады. «Қазақстан» телеарадиокорпорациясы Еуро-2024 матчтарын тікелей…

1 день ago

Қазақстанда жаңа саяси партия тіркеледі

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте әділет вице-министрі Ботагөз Жақселекова "Ынтымақ" саяси партиясы қашан мемлекеттік тіркеуден…

1 день ago

Астанада мас күйінде көлік басқарған 45 жүргізуші сотталды

Қазақстан Республикасының заңнамасында көлік құралын мас күйінде басқарғаны үшін әкімшілік жауапкершілікпен қатар қылмыстық жауапкершілік қарастырылған.…

1 день ago

Еңбек министрінің атынан жазылған хабарламалар — фейк

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпованың атынан әлеуметтік желілер мен мессенджерлердегі ашылған…

1 день ago

Мұрат Әбділда сотқа жазасын ауыстыру жөнінде өтініш жасады

Осыдан 2 жыл бұрын әлеуметтік алауыздыққа бағытталған әрекет жасағаны үшін сотталған блогер Мұрат Әбділда сотқа…

1 день ago

«Мүгедек боп оралды»: Шымкентте әке баласын әскерилер бопсалағанын айтты

Шымкентте әскерилер жас жігітті комиссариатқа күштеп апарып, пара беруге бопсалаған. Мерзімді әскерге шақырылушы ақша таппай,…

2 дня ago