Фото: azattyq-ruhy.kz
Күдіктілер әлі күнге дейін қолға түспеді.
Қырғызстан ІІМ баспасөз қызметінің хабарлауынша, Тоқтоғұл ауданының Уч-Терек ауылындағы арықтан зорлық-зомбылық белгілері бар ресейлік адамның денесі табылған.
Полиция қылмыстық кодекстің 122-бабы («Кісі өлтіру») бойынша іс қозғаған.
Құқық қорғау органдары марқұмның жеке басын анықтады. 44 жастағы ресейлік азамат Д.К. өз елінде саяси жағдай қиындаған соң жуырда Ресейден кетіп қалған. Өз көлігімен ұзақ жол жүрген ол Ресейден шығарда қасына екі қырғызстандықты да жолаушы ретінде ала келген. 32 жастағы Тілек Жанбаев және 24 жастағы Аптандил уулу Марлен басты күдікті саналып отыр,
деп жазады Akipress.
Қырғызстанға келгенде ресейлік азамат өлтіріліп, көлігі ұрланған болып шықты. Жедел уәкілдер көлікті тапқанымен, күдіктілер әлі күнге дейін қолға түспеді.
Құлсары қаласы, 25 ақпан 2026 жыл - Құлсары қаласында «Теңіз ұстазы» ауқымды педагогикалық фестивалі өтті.…
Жылыой ауданында өткен жылдан бері функционалдық сауаттылықты дамытуға және мектептегі білім сапасын арттыруға бағытталған «Теңіз…
Халықаралық білім беру корпорациясында 2026 жылғы 19-23 қаңтар аралығында Халықаралық білім беру корпорациясында (ҚазБСҚА) «Қысқы…
Марапат Сеул қаласында өткен QS Stars Award Ceremony рәсімінде берілді Бүгін Қазақстан мен Орта Азиядағы…
Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…
2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…