Солтүстік Қазақстан облысына жаңа әкім тағайындалды

Айдарбек Сейпілұлы Сапаров Солтүстік Қазақстан облысының әкімі лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Тиісті жарлық Ақорданың сайтында жарияланды.

Айта кетейік, бүгін ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов Петропавл қаласына келіп, Солтүстік Қазақстан облысының барлық деңгейдегі мәслихаттар депутаттарының жиналысына қатысты.

Әлихан Смайылов Мемлекет басшысының өңір әкімі лауазымына Руслан Анбаев және Айдарбек Сапаровтың кандидатураларын қарауға енгізу туралы хатын оқып берді.

Дауыс беру нәтижесі бойынша 153 депутаттың 118-і А. Сапаровтың кандидатурасына дауыс берді, 35 депутат Р. Анбаевты таңдады.

Айдарбек Сейпілұлы 1966 жылы 12 маусымда Солтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген.

Омбы ауылшаруашылығы институтын (1992), Манаш Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетін (2006) зооинженер мамандығы, мемлекеттік басқару бакалавры бойынша тәмамдаған.

«Құрмет», «Парасат» ордендерімен, «Астанаға 10 жыл» мерейтойлық медальмен марапатталған.

08.1984 — 10.1984 — совхоз бухгалтері, Солтүстік Қазақстан облысы

09.1992 — 10.1995 – зоотехник- орындаушы, Калинин атындағы шаруашылықтың коммерциялық директоры, Солтүстік Қазақстан облысы

10.1995 — 09.2003 – директор, «Ноғайбай» ЖШС бас директоры, Солтүстік Қазақстан облысы

09.2003 — 02.2005 – «Азық-түлік келісім – шарт корпорациясы» АҚ Солтүстік Қазақстан облыстық филиалы директорының орынбасары, Петропавл қаласы

02.2005 — 03.2006 – «Азық-түлік келісім – шарт корпорациясы» АҚ Солтүстік Қазақстан облыстық өкілдігі директорының бірінші орынбасары, Петропавл қаласы

03.2006 — 09.2006 – Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігінің облыстық аумақтық басқармасының басшысы, Петропавл қаласы

03.2006 — 11.2006 – Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігінің облыстық аумақтық инспекциясының басшысы, Петропавл қаласы

11.2006 — 03.2008 – Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданының әкімі, Солтүстік Қазақстан облысы

03.2008 — 04.2010 – Мағжан Жұмабаев ауданының әкімі, Солтүстік Қазақстан облысы

04.2010 — 09.2011 – Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің ауыл шаруашылығы жөніндегі орынбасары, Петропавл қаласы

09.2011 — 03.2019 – Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары, Петропавл қаласы

2019 жылдың наурызынан бері Ауыл шаруашылығы бірінші вице-министрі қызметін атқарып келді.

Сая Манарбековна

Recent Posts

«Теңіз ұстазы» фестивалі: Құлсарыда Жылыой ауданының ең креативті мұғалімдері марапатталып, білім берудің жаңа стандарттары таныстырылды

Құлсары қаласы, 25 ақпан 2026 жыл - Құлсары қаласында  «Теңіз ұстазы» ауқымды педагогикалық фестивалі өтті.…

3 недели ago

 Жылыой мұғалімдері оқу үдерісіне заманауи әдістемелерді енгізуде

Жылыой ауданында өткен жылдан бері функционалдық сауаттылықты дамытуға және мектептегі білім сапасын арттыруға бағытталған «Теңіз…

1 месяц ago

ЖОО оқытушыларының біліктілігін арттыруға арналған қысқы мектеп өтуде

Халықаралық білім беру корпорациясында 2026 жылғы 19-23 қаңтар аралығында Халықаралық білім беру корпорациясында (ҚазБСҚА) «Қысқы…

2 месяца ago

Абай университеті әлемдік QS рейтингінде «бес жұлдыз» үздік белгісіне ие болды

Марапат Сеул қаласында өткен QS Stars Award Ceremony рәсімінде берілді Бүгін Қазақстан мен Орта Азиядағы…

4 месяца ago

Колледж студенттері бәсекесі: білім мен зияткерлік сайысы өтті

Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…

6 месяцев ago

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

10 месяцев ago