Categories: Дін

Солтүстік өңірге Пайғамбардың мүбәрак шашы әкелінді

Солтүстік Қазақстан облысына Мұхаммед Пайғамбардың мүбәрак шашы әкелінді, — деп хабарлайды «Хабар 24» телеарнасы. 

Телеарна мәліметінше, арнайы құтыға салынған асыл жәдігер уақытша ислам мәдениеті музейіне қойылған. Пайғамбардың шашы қазір Шымкент тұрғынының қолында екен. Ерте кездері оны өзбекстандық ғалымдар сыйлаған. Арнайы құжаты да бар. Ал ол «Тасаттық» намазы оқылған кезде өңірге береке әкелсін деген ниетпен жеткізілген. Бүгінде еліміздің солтүстігінде аптап ыстық. Ауа-райы 35 градустан төмендемей тұр. Сондықтан мұсылмандар қауымы Алладан жаңбыр сұрап, діни рәсім ұйымдастырып  жатыр.    

«Әмір Темірдің кезінде қызмет қылған үлкен ғұлама кісілердің ұрпақтарынан ұрпақтарына, аталарынан жетіп отырған, сақтап отырған. Бұл тек бір кісінің үйінде тұрмауы керек. Халық көруі керек. Халық сол жерде салауат айтуы керек. Соны көріп, пайғамбарға деген сағынышын сол жерде басуы керек», — деді «Қазақстан қажылар қауымдастығы» Түркістан облысы филиалының төрағасы Қалиолла Маджанов.

«Елге дұға жасау, жаңбыр тілеу. Егініміз, еккен дақылдарымыз бітік шықсын деген мақсатта осы «Тасаттық» намазын оқығалы отырмыз. Енді, әлбетте, бұл істің берекесін арттырудағы мақсаты — Пайғамбарымыздың мүбәрак шашы. Арнайы алдыртып отырмыз. Пайғамбарымыздың әрбір жүрген жері берекелі болған ғой. Сол бір берекесі тие ме деген мақсат. Адамдардың ниетіне байланысты. «Тасаттық» бүгін қаламызда болады», — деді Солтүстік Қазақстан облысының бас имамы Хамзат Қажымұратұлы. 

Анара Бауыржанқызы

Recent Posts

Колледж студенттері бәсекесі: білім мен зияткерлік сайысы өтті

Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…

1 месяц ago

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

5 месяцев ago

«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…

11 месяцев ago

Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті

Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…

11 месяцев ago

Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді

23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…

11 месяцев ago

Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр

Алматының Атакентінде қыркүйектің 4-6 аралығында Kazbuild 2024 көрмесі өтіп жатыр. Бұл жолы Қытайдың ең ірі…

1 год ago