Closeup of spruce covered with snow
«Қазгидромет» синоптиктері 1-3 ақпан аралығына ауа райы болжамын ұсынды.
Мамандардың мәліметінше, ақпанның бірінші онкүндігінде республиканың оңтүстік жартысының тұрғындарын жылы және жауын-шашынды ауа-райы күтеді. Оңтүстік циклондардың жиі шығуы қарқынды жауын-шашынның түсуіне әкеледі, Қазақстанның оңтүстігі мен оңтүстік-шығысындағы таулы аудандарында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Ауа температурасы түнде -2+5°С-қа дейін, күндіз +5+12 градусқа дейін жоғарылайды. Онкүндіктің соңында қайтадан түнде -3-15 градусқа дейін, күндіз 0,+8 градусқа дейін салқындайды.
Еліміздің батыс аймақтарына Солтүстік-батыс циклонмен байланысты атмосфералық фронттар әсер етеді, бірінші онкүндікте батыс аймақтардың тұрғындарын ауа-райының тұрақсыз сипаты, жаңбыр мен жылбысқы қар түріндегі аралас жауын-шашын мен екпінді жел күтеді. Ауа температурасының күндізгі фоны -3+5 градусқа шегінде болжанады,
делінген хабарламада.
ҚР қалған аймақтарында бірінші онкүндіктің бірінші жартысында Сібір антициклонының әсерімен аязды, негізінен жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Кезеңнің екінші жартысында Сібір антициклоны әлсірейді, Жерорта теңізі аудандарынан циклон республиканың солтүстік-батысына қарай жылжиды, еліміздің солтүстік жартысында атмосфералық фронттардың күшеюімен қар жауы, бұрқасын, желдің күшеюі 15-25 м/с дейін болжанады.
Ауа температурасы жоғарылайды:
еліміздің солтүстігінде түнде -20-28°С-тан -15-20 градусқа дейін, күндіз
-8-18 градустан -5-10 градусқа дейін;
орталық аймақтарда ауа температурасы түнде -13-28 градустан -7-15 градусқа дейін, күндіз -7-12 градустан -1-7градусқа дейін ауытқиды;
еліміздің шығысында ауа температурасының басым фоны түнде
-15-28 градус, күндіз -5-15 градус шамасында болжанады.
Ауаның орташа айлық температурасы республиканың басым бөлігінде норма шамасында, Шығыс Қазақстан облысында, Абай облысының басым бөлігінде, Павлодар облысының солтүстік-шығыс жартысында, Маңғыстау облысының оңтүстік-шығысында, Ақтөбе облысының қиыр оңтүстігінде, Қызылорда, Түркістан, Жамбыл, Алматы облыстарының оңтүстік жартысында және Жетісу облысының оңтүстік-шығыс жартысында нормадан 1 градустан жоғары болады деп күтіледі,
делінген Қазгидромет хабарламасында.
Ақпанда жауын-шашын мөлшері республиканың басым бөлігінде норма шамасында, Түркістан, Жамбыл облыстарында, Қызылорда, Алматы облыстарының басым бөлігінде, Шығыс Қазақстан облысының оңтүстік-шығыс жартысында, Абай облысының қиыр оңтүстік-шығысында және Жетісу облысының оңтүстік-шығыс жартысында нормадан көп болады деп болжанып отыр.
Ақпанның екінші және үшінші онкүндіктерінде республика бойынша ауа-райының тұрақсыз сипаты болжанады: еліміздің басым бөлігінде негізінен қармен бұрқасын, ҚР оңтүстігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар), тұман, көктайғақ күтіледі.
Ауа температурасының ауытқуы күтіледі:
еліміздің батыс өңірлерінде түнде -15-25 градустан -7-15 градусқа дейін, күндіз
-5-10 градустан -5+5 градусқа дейін;
республиканың солтүстік, орталық және шығыс өңірлерінде түнде
-20-30 градустан -10-15 градусқа дейін, күндіз -10-15 градустан -2-7 градусқа дейін;
ҚР оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында түнде -10-18 градустан 0,-5 градусқа дейін, күндіз 0,-5 градустан +3+10 градусқа дейін.
Құлсары қаласы, 25 ақпан 2026 жыл - Құлсары қаласында «Теңіз ұстазы» ауқымды педагогикалық фестивалі өтті.…
Жылыой ауданында өткен жылдан бері функционалдық сауаттылықты дамытуға және мектептегі білім сапасын арттыруға бағытталған «Теңіз…
Халықаралық білім беру корпорациясында 2026 жылғы 19-23 қаңтар аралығында Халықаралық білім беру корпорациясында (ҚазБСҚА) «Қысқы…
Марапат Сеул қаласында өткен QS Stars Award Ceremony рәсімінде берілді Бүгін Қазақстан мен Орта Азиядағы…
Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…
2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…