Categories: Қоғам

Сот Жанболат Мамайды кінәлі деп тауып, 6 жылға бас бостандығын шектеді

Алматы соты тіркелмеген Демократиялық партияның жетекшісі Жанболат Мамайды кінәлі деп танып, 6 жылға шартты түрде бас бостандығынан айырды. Сондай-ақ оған журналистік және саяси қызметпен айналысуына тыйым салды деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Мамай үш қылмыстық бап бойынша кінәлі деп танылған. Олар: «көрінеу жалған ақпарат тарату» (274-бап), «билік өкілін қорлау» (378-бап) және «тәртіпсіздік ұйымдастыру» (272-бап).

Белсендінің қоғамдық және саяси өмірге қатысуына тыйым салынды. Сондай-ақ одан 800 мың теңге ақша өндірілетіні айтылды.

Үкім заңды күшіне енгенше ол үйқамақта болады. Мамай сот үкімінің саяси астары бар екенін айтып, қарсы шағым түсіретінін жеткізді.

Сот барысында он шақты куәгерлерден жауап алынды және олардың барлығы менің тәртіпсіздікке шақырмағанымды айтты. Бірақ соған қарамастан соттың осындай шешім шығаруының саяси астары бар деп есептеймін. Әлбетте біз бұл шешіммен келіспейміз. Апелляциялық шағым түсіреміз,

деді Мамай сотта.

Еске салайық, бұған дейін прокурор  Мамайды 6,6 жылға шартты түрде бас бостандығынан айыруды сұраған. 

Биылғы жылдың 26 ақпанынан бері қамауда отырған 34 жастағы белсенді 2 қараша күні үйқамаққа шыққан. 

28 қазанда Жанболат Мамайдың ісі сотқа жіберілгені белгілі болған. 9 қарашада саяси белсенді Жанболат Мамайдың ісі бойынша алғашқы сот отырысы басталған.

Анара Бауыржанқызы

Recent Posts

«Теңіз ұстазы» фестивалі: Құлсарыда Жылыой ауданының ең креативті мұғалімдері марапатталып, білім берудің жаңа стандарттары таныстырылды

Құлсары қаласы, 25 ақпан 2026 жыл - Құлсары қаласында  «Теңіз ұстазы» ауқымды педагогикалық фестивалі өтті.…

3 недели ago

 Жылыой мұғалімдері оқу үдерісіне заманауи әдістемелерді енгізуде

Жылыой ауданында өткен жылдан бері функционалдық сауаттылықты дамытуға және мектептегі білім сапасын арттыруға бағытталған «Теңіз…

1 месяц ago

ЖОО оқытушыларының біліктілігін арттыруға арналған қысқы мектеп өтуде

Халықаралық білім беру корпорациясында 2026 жылғы 19-23 қаңтар аралығында Халықаралық білім беру корпорациясында (ҚазБСҚА) «Қысқы…

2 месяца ago

Абай университеті әлемдік QS рейтингінде «бес жұлдыз» үздік белгісіне ие болды

Марапат Сеул қаласында өткен QS Stars Award Ceremony рәсімінде берілді Бүгін Қазақстан мен Орта Азиядағы…

4 месяца ago

Колледж студенттері бәсекесі: білім мен зияткерлік сайысы өтті

Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…

6 месяцев ago

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

10 месяцев ago