Categories: Қоғам

Спортшылар әкім бола бастады

  1. Президент әкімшілігінің келісімімен;
  2. Алматы облысы әкімінің өкімімен;
  3. Кеген аудандық мәслихаты депутаттарының келісімімен:

(Бейресми дерек бойынша, аудан тұрғындарының «е, бопты» деуімен)

Нұрбақыт Молдахметұлы Теңізбаев Кеген ауданының әкімі лауазымына тағайындалды.

Нұрбақыт Молдахметұлы 1983 жылы туған, қазақ, білімі жоғары, 2002 жылы Қ.Мұңайтпасов атындағы республикалық спорт колледжі «дене шынықтыру және спорт», 2007 жылы М.Тынышбаев атындағы Қазақ көлік және коммуникациялар Академиясы «кеден ісі», 2007 жылы Қазақ спорт және туризм академиясын «дене шынықтыру мәдениетінің оқытушысы, күрес жаттықтырушысы», 2009 жылы М.Тынышбаев атындағы Қазақ көлік және коммуникациялар Академиясы «көлікті пайдалану және тасымалдауды, қозғалысты ұйымдастыру», 2014 жылы Қазақ спорт және туризм академиясын «педагогика ғылымының магистрі» мамандықтары бойынша білім алған.

Еңбек жолын 2001 жылы Қазақстан Республикасының грек-рим күрес федерациясының спорт-нұсқаушысы болып бастаған.

Әр жылдарда Астана қаласындағы Ұлттық штаттық командалар және спорт резерві дирекциясының грек-рим күресінен спорт-нұсқаушы, Қазақстан Республикасының Ішкі істер органдарында, Алматы қаласының дене шынықтыру және спорт басқармасының № 12 олимпиадалық резервтегі мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер мектебінің әдіскері, директордың оқыту-спорт жұмыстары бойынша орынбасары, Алматы облыстық жоғары спорт шеберлігі мектебінің директоры қызметтерін атқарған.

2018 жылдың қазан айынан Алматы облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысы лауазымын атқарып келеді.

Нұрбақыт Молдахметұлы грек-рим күресінің палуаны, жастар арасында әлем чемпионы (Стамбул, 2003 жыл), 2008 жылғы Бейжің Олимпиадасының күміс жүлдегері, 2009 жылғы Әлем чемпионатының қола жүлдегері, Азияның екі дүркін чемпионы, Қазақстанның еңбек сіңірген спорт шебері.

«Құрмет» орденінің иегері.

Арман Ерғалиев

Recent Posts

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

4 месяца ago

«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…

9 месяцев ago

Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті

Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…

10 месяцев ago

Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді

23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…

10 месяцев ago

Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр

Алматының Атакентінде қыркүйектің 4-6 аралығында Kazbuild 2024 көрмесі өтіп жатыр. Бұл жолы Қытайдың ең ірі…

1 год ago

Алматы қаласында 2600 ден астам сотталған азамат есепке алынған

Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Е. Саденовтың тапсырмасымен пробация қызметтері мен полиция бөлімшелерінің өзара іс-қимылының…

1 год ago