Categories: Қоғам

Стамбұл жарылысы бізге сигнал, қара жамылған қарғалар көбейіп кетті

Кеше Стамбұлдың орталығында жойқын жарылыс болды. Салдарынан алты адам қаза тапты. Ал 60-қа жуығы зардап шекті. Жарылғыш заты бар пакетті көшеге қалдырып кеткен әйел болып шықты. Қара жамылған әйелдің күрд террористік ұйымына қатысы бар екені расталды. Жантүршігерлік оқиғадан кейін қазақстандық заңгер дабыл қақты. Айгүл Орынбек қара никаб жамылғандарға заңмен тыйым салмасақ Стамбұлдағы жағдай елімізде қайталануы мүмкін дейді.

Заңгер Тик-Ток желісінде қара жамылып алып, елге уағыз айтатын әйелдердің қаптап кеткенін бірнеше уақыттан бері дабыл қағып айтып жүр. Олар көздерін ғана көрсетіп, елге түн ортасынта тікелей эфирге шығып ақыл, пәтуа айтады. Сондай-ақ, қара жамылып алып, қазақша сөйлейтін қыздарды тыңдайтындар да аз емес.

Стамбұлдағы жарылыс бұл біздің елге де сигнал! Стамбұлдағы жарылысты әйел адам жасаған деп отыр! Соңғы уақытта біздің елде  тик-ток әлеуметтік желісінде қара жамылған қарғалар көбейіп кетті деп дабыл қағып келемін. Дабыл қағуым бекер емес!,

дейді Айгүл Орынбек.

Отырып алып уағыз айтуларынан бөлек құдды өз уақыттарын күтіп, бір нәрсеге дайындалып жүргендей көремін. Қолдарына қару алулары да бекер емес!

Парламент депутаттары шұғыл түрде Мемлекетіміздің қауіпсіздігі үшін қара Ниқаб киюді, бет тұмшалауды заңмен шектеу керек!

Құзырлы органдар жұмыс істеу үшін оларға заң керек. Кеш болмай тұрып, тиісті заң шығарып бізде миы уланған зомбиларды елімізден тазартайық,

деп жазбасын аяқтапты.

Жазба астындағы халықтың пікірі екіге бөлінді.

Өте дұрыс айтасыз! Мемлекет діндерді қолға алатын уақыт шынымен келді

Беттері бүркелгендерді ашу керек ішкі саясат жұмыс жасаса ғой, шіркін

Түркиядағы хлопушканың қатысы не бізге? Бояушыны бояушы деген сайын сақалын бояптыға саяды…

Сая Манарбековна

Recent Posts

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

4 месяца ago

«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…

10 месяцев ago

Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті

Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…

10 месяцев ago

Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді

23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…

10 месяцев ago

Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр

Алматының Атакентінде қыркүйектің 4-6 аралығында Kazbuild 2024 көрмесі өтіп жатыр. Бұл жолы Қытайдың ең ірі…

1 год ago

Алматы қаласында 2600 ден астам сотталған азамат есепке алынған

Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Е. Саденовтың тапсырмасымен пробация қызметтері мен полиция бөлімшелерінің өзара іс-қимылының…

1 год ago