Атақ және ақша

Үстіне бір пәтердің құнын киіп алған отандық тележүргузіші жұртты таңқалдырды

Танымал отандық тележүргізуші, кәсіпкер Динара Сәтжан көйлегі мен әшекей-бұйымдарының құнын жария етті. Бұл туралы Kz_newtimes ақпарат агенттігі хабарлайды.

Тележүргізушінің үстіне ілген көйлегі мен әшекейлерінің бағасы шамамен 40 млн 460 мың теңгеге шықты.

Отандық дизайнерлер қатарына кіретін Динара Сәтжан өз брендінің көйлегін киген. Айтуынша, жаңа топтамадағы көйлектің құны «бар-жоғы 89 900 теңге». Ал көздің жауын алатын Van Cleef брендінің алқасы мен сырғасы 8 млн 200 мың теңге тұрады. Тележүргізуші Gianvto Rossi-дің құны 450 доллар (370 мың теңге) тұратын аяқ киімін де көрсетті. Динара Сәтжанның білегіндегі Bulgari (19 млн) мен Cartier-дің (8 млн 600 мың) және Van Cleef брендінің (4 млн 200 мың) білезігі мен сақинасы назардан тыс қалмады.

Көпшілік алдында іскер әйелдің образын қалыптастырған Динара Сәтжан киім мен әшекей-бұйымға келгенде өзінен ештеңе аямайтынын көрсетті. Желі қолданушылары тележүргізушіге қызыға қарап, таңғалысын жасырмады.

  • Үстіне бір жақсы пәтерді іліп алыпты,
  • Қатынымызды осылай киіндіру бұйырсын,
  • Ең төмен айлық 85 мың теңге, оның бір көйлегі 89 мың тұрады,
  • Динараның киімінен менің пәтерім мен көлігім арзан тұрады,
  • Әр әйел осылай шалқып жүрсін,
  • Көйлегі менің бір айлығым екен ғой, – деп жазды желідегілер.
Сая Манарбековна

Recent Posts

Колледж студенттері бәсекесі: білім мен зияткерлік сайысы өтті

Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…

1 месяц ago

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

5 месяцев ago

«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…

11 месяцев ago

Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті

Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…

11 месяцев ago

Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді

23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…

11 месяцев ago

Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр

Алматының Атакентінде қыркүйектің 4-6 аралығында Kazbuild 2024 көрмесі өтіп жатыр. Бұл жолы Қытайдың ең ірі…

1 год ago