Фото: ашық дереккөзден
Алматыда дамыту орталығына барған бала көз жұмды. Қайғылы оқиға жекеменшік мекемеде болған. Алматы қалалық полиция департаменті қайғылы оқиғаның болғанын растады.
ҚР Қылмыстық кодекстің 141-бабының 2-бөлігі «Балалардың өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі міндеттерді тиісінше орындамау, абайсызда кәмелетке толмаған баланың өлімі» дерегі бойынша тіркелді. Қылмыстық іс бойынша сараптама тағайындалған,
деп хабарлады қалалық ПД ресми өкілі Салтанат Әзірбек.
Ата-аналардың бірі оқыс оқиға 16 маусымда түскі шамасында болғанын айтты. Оның айтуынша, баланың үстіне шкаф құлап кеткен.
Орталық Әл-Фараби даңғылының бойында орналасқан. Олар балаларды мектепке дайындаумен, сонымен қатар жапондық әдіс бойынша балаларды дамытумен айналысады.
Жеке даму орталығы бұл апатқа қатысты ешқандай түсініктеме берген жоқ.
Қылмыстық істі Бостандық аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері тергеп жатыр.
Құлсары қаласы, 25 ақпан 2026 жыл - Құлсары қаласында «Теңіз ұстазы» ауқымды педагогикалық фестивалі өтті.…
Жылыой ауданында өткен жылдан бері функционалдық сауаттылықты дамытуға және мектептегі білім сапасын арттыруға бағытталған «Теңіз…
Халықаралық білім беру корпорациясында 2026 жылғы 19-23 қаңтар аралығында Халықаралық білім беру корпорациясында (ҚазБСҚА) «Қысқы…
Марапат Сеул қаласында өткен QS Stars Award Ceremony рәсімінде берілді Бүгін Қазақстан мен Орта Азиядағы…
Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…
2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…