Ер адам әйеліне бензин құйып қасақана өртеп жіберген

Павлодарда ер адам әйелін алдымен соққыға жыққан. Кейін бензин бөтелкесін әкеліп, қасақана өртеген.

22 қарашаға қараған түні 4 қабатты үйдегі пәтерлердің бірінде өрт болды. Өрт сөндірушілер оқиға орнына жетіп, бес адамды, оның ішінде үш баланы құтқарды. Өрт сөндірушілер жеткенге дейін 36 жастағы ер адам мен 27 жастағы әйел ауруханаға ауыр жағдайда жеткізілді. Олар III дәрежелі күйік алған.

Құтқарылғандардың арасында зардап шеккен әйелдің мектеп жасындағы екі ұлы болды.

Балалардың айтуынша, пәтердегі өртті анасымен бірге тұратын адам ұйымдастырған.

Ұшқыны абайсызда өзіне де тиген. Екеуі де өртенді. Балалар сол кезде үйде болған. Анасы өзі өртеніп жатса да, бір баланы кіреберіске лақтырып үлгерді. Екінші баланы сол үйде тұратын әйел шығарып алды,

деді «Павлодар қаласының Vita іздеушілері» қоғамдық бірлестігінің басшысы Екатерина Кудрявцева.

Біреуге ор қазба – өзің түсесің. Өртеген ер адам өзі 63 пайызға күйіп қалған. Қазір ол жан сақтау бөлімінде жатыр. Ал екі бала әжесінің қолында, анасының оралуын күтуде. Жақында ол жан сақтау бөлімінен палатаға ауыстырылды. Әйелдің денесінің 30-пайызын күйік шалған.

Еріктілер 24 қарашада өртенген пәтерге барған. Екі бөлмеден басқа, жалпы дәліз және көршінің есігі өртенген.

Полицейлер бұл оқиғаны кісі өлтіруге оқталу ретінде тергеуде.

22 қарашада сағат 23:02-де Павлодардағы Ломов көшесі бойында екі тұрғын зардап шеккен оқиға бойынша полиция тергеу жүргізуде. Тергеу 24-баптың 3-бөлігі «Қасақана ниетпен жасалған, қылмыс жасауға тікелей бағытталған әрекеттер (әрекетсіздік) қылмысқа жасалған әрекет деп танылады” және ҚК-нің 99-бабы 2-бөлігінің 6-тармағы «Басқа адамдардың өміріне қауіпті тәсілмен жасалған кісі өлтіру» бойынша қарастырылады. ҚР ҚІЖК — нің 201-бабына сәйкес, сотқа дейінгі тергеп-тексеру деректері жария етілмейді,

деп хабарлады Павлодар облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Басқа адамдардың өміріне қауіп төндіретін тәсілмен жасалған кісі өлтіруге жасалған қастандық үшін мүлкі тәркіленіп немесе 15 жылдан 20 жылға дейін бас бостандығынан айырылады, тіпті өмір бойы бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Сая Манарбековна

Recent Posts

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

4 месяца ago

«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…

10 месяцев ago

Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті

Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…

10 месяцев ago

Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді

23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…

10 месяцев ago

Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр

Алматының Атакентінде қыркүйектің 4-6 аралығында Kazbuild 2024 көрмесі өтіп жатыр. Бұл жолы Қытайдың ең ірі…

1 год ago

Алматы қаласында 2600 ден астам сотталған азамат есепке алынған

Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Е. Саденовтың тапсырмасымен пробация қызметтері мен полиция бөлімшелерінің өзара іс-қимылының…

1 год ago