Қантқа талас: Оған не себеп?

Халықты құртатын – үрей. Ертеңгі күнін ойлап үйренген халық алдын ала қантқа таласпаса, ал үкімет тауардың тапшылығын болдырмау амалдарын қарастырса ешқандай у-шу болмас еді.

«Дүкендердегі қант тапшылығы ұят нәрсе». Дәл осылай Қасым-Жомарт Тоқаев 14 шілдеде үкіметтің кеңейтілген отырысында айтты.  Қант қызылшасының өнімін ұлғайтуды тапсырды. 2026 жылға қарай ауыл шаруашылығы министрлігі қызылша қантының үлесін 2022 жылғы көрсеткішпен салыстырғанда 7%-ға, яғни  43%-ға жеткізуді жоспарлап отыр.

Біз 90 пайыз импорттық қантқа тәуелдіміз. Әрине, ЕАЭО қабылдаған шешімді желеулетуге болады, алайда бұл үкіметтің өрескел қателігі.  Мемлекеттің ұстанымын қолдамады деген сөз. Үкіметке тез арада қант өнеркәсібін дамытудың жолдарын қарастыру керек. Мақсатымыз ипортқа тәуелділіктен арылып, өзімізді қамтамасыз ете алатын жағдай жасау,

деді президент.

Қант мәселесі сонау көктемде басталған еді. БАҚ сарапшылары Қазақстан нарығында ресей қантының үлесі 48 пайызды құрағандықтан, 31 тамызға дейін қабылданған экспорттық шектеулерге байланысты проблемалардың болатынын болжаған еді.  Мемлекет ЕАЭО мүшелігі жағдайды түзей алады деп ойлағанымен, мәселе шешілмеді.

Теңіз порттарына салынған санкцияларға байланысты Куба мен Бразилиядан шикізат жеткізу де тоқтатылды. Сондықтан мемлекет елге шикізат әкелудің балама нұсқаларын шұғыл іздестіре бастады.

«Вахталық лагерь» экономикасы

Мәселе тек қант қызылшасында ма? Қазақстан органикалық өнім өндірушілер одағының директоры Арсен Керімбековтің айтуынша, қант қызылшасының дақылдарын көбейту өңдеу сұрағын шешпейді. Оның себебі мынау.

Арсен Керімбеков, фото eldala.kz

«Үкімет жұмысында олқылықтар болмаса, жағдай ушықпас еді. Бұл тек ауыл шаруашылығы мен сауда министрлігінің кінәсе емес, денсаулық сақтау министрілігі де жауапты. Себебі қазақстандықтар қантты нормадан тыс тұтынады».

Адам басына шаққанда халық бір жыл ішінде тәтті сусындар мен кондитерлік өнімді 25 келіге дейін тұтынады.

2030 жылға қарай Қазақстанда қант диабетіне шалдыққандар саны кемінде 1 млн-ға жетеді деген болжам бар. Ал мемлекет олардың емдеуліне, тұрмыс-тіршілігін қамтамасыз ету үшін миллиардтаған қаржы жұмсауға мәжбүр болады.

Қантты тұтынуды азайту мақсатында жұмыстар жасаудың орнына, министрлік қолын сермеп, қатыстары жоқ екенін алға тартуда. Әрине, 30 жыл ішінде қоғамда салауатты тұтынушылық әдептерін қалыптастыру бойынша ешқандай іс-шара қолға алынбаған. Қазір жағдай бұлай шиеленіспес еді, қантқа талас болмас еді. Адамдар артық салмақ қосқаны оларды тіпті алаңдатпайды. Қант – инвестицияға айналса, спорт ұғымы тіпті ұмытылды.

Бірақ проблеманың түбі импортқа тәуелділікте жатыр емес пе?

— «Вахталық лагерь экономикасын» құру ерте ме, кеш пе тауар тапшылығына әкеліп соғады. Барлығы сырттан жеткізілгендіктен. Адамдардың белгілі бір тобының қант өндірісін монополиялауы да қант тарихына әсер етті. Міне, нәтиже.

Қант тапшылығы болады деген сыбысты естіген халық дереу қантқа жүгірді. Мемлекет  орнынан қозғалар емес. Тек сөгіс жариялағаны болмаса. Сенетіндері сол, Ресей 31 тамызда қант экспортына салынған тыйымды алып тастайды деген үміт. Алайда экономиканың жүйесінде ипортқа тәуелділік барда әрқашан тұрақсыздық та бар. Біздің бүкіл бизнесіміз осындай.

Өзімізде жоқ, болмайды да

— Қазақстанда төрт қант зауыты бар. Олардың біреуі ғана жергілікті қант қызылшасынан өнідерді. Ол- Ақсу. Бұл көрсеткіштермен өзімізді қалайша қамтамасыз етпекпіз?

Қант қызылшасы панацея емес. Кеңес заманында да зауыттар жылына екі ай ғана жұмыс істеді. Қант қызылшасының құнарлы болуы өндірісте өте маңызды. Қанттың 11 пайыздан жоғары болуы жақсы көрсеткіш деп саналады. Ол әдетте жаңадан жиналған егінде ғана. Қант қызылшасын тезірек өңдеуге бермесе, оның қант мөлшері азаяды. Сондықтан 2-3 ай сақтауға болмайды. Сол себепті  еліміз тәуелсіздігін алмас бұрын қант зауыттары қыркүйектен қарашаға дейін қарқынды жұмыс істеп, желтоқсанда демалысқа кететін. Ал қаңтардан тамызға дейінгі аралықта кубалық қант құрағына ауысады. Қант қызылшасының құнарлығы 10% болса, кубалық түрінде 96-97% құрайды.

КСРО кезінде негізінен қамыстан қант өндірген — Украина. Өңдеу зауыттары Одесса және Мариуполь порттары маңында орналасып, онда қамысты логистикалық шығынсыз қантқа айналдырған. Артынша одақтық республикаларға  жеткізілетін. Кейін бұл өндірісті Ресей де игерді.

Сондықтан батыс облысында отандық қант әрдайым тапшы болмақ. Қант державасының ауылы бізден алыс. Мұны мойындау керек. Қант өндірісі шоғырланған Алматы және Жамбыл облыстары еліміздің оңтүстік-шығысының дәл түкпірінде орналасқан.

Шикізатты Қара теңізден оңтүстікке тасымалдап, өңдеген соң кері қайтарудың мәні неде?

Логитисканың бұл жолы қосымша екі мың километрді бағындыруға мәжбүр етіп, нәтижесінде қымбат түспек. Сондықтан Ресей немесе Украинадан дайын қантты жеткізу тиімдірек.

Бір қызығы, Қазақстанның оңтүстік өңірінде стевия өсімдігін өсіруге болады. Аталмыш өсімдікті бүкіл әлем бұрыннан бері тәттінің орнына пайдаланып келеді.

Өндірістік кезең

-Неге өсірмейміз және өңдемейміз?

-Алдымен қолға алу керек шығар. Мен ұлттық ғылыми кеңестің мүшесімін, 2021 жылы түркістандық ғалымдар оңтүстікте стевия өсімдігін  тәжірибе ретінде отырғызуды бастамақ болған. Өндірісті қолға алу үшін ғалымдардың қалауы жеткіліксіз, инвестиция мен өндіріс қажет.

Қант — талас тудыратын жалғыз өнім емес.

Қарақұмық пен тұздың да жағдайы мәз болған жоқ. Туындаған қиыншылықтармен күресу жолдары мүлдем қарастырылмады.

Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының тапшылығын болдырмас үшін, шикізаттың да, отандық өндірістің те экономикалық стратегиясы болуы керек.  Құс фабрикалары тауықтарды Қазақстаннан тысқары жерлерде сатып алып, валюта бағамы өскен сайын тауық етінің бағасына әсер ететін жағдайға әкелмегендей.  Соның ішінде ауыл шаруашылығына қажетті жем, дәрумендер шығаратын зауыттар. Өкінішке орай, ауыл шаруашылығы министрлігінің жоспарында мұның ешқайсысы жоқ.

Бұл ақуыз өндірісіне де қатысты. Мысалы, 2008 жылы Ресей ақуыз стратегиясына басымдылық берді. Себебі сүт өнімдері ауадай қажет.  Ал біздікілер ет өнімдерін экспорттауға кіріскен. Екіншіден, ресей тауық етінің мәселесін де баяғыдан шешіп тастаған. Олардың өніміне біз де тәуелдіміз. Ішкі нарықты қарапайым ең қажетті азық-түлік өнімдерімен  қамтамасыз еткен соң, күркетауық, үйрек фермаларын іске қоса бастады. Ал қызыл ет бірінші қажеттілік тізімінде емес.

Ресей отандық өнімдерімен-ақ жақсы өмір сүруде. Олар өз жағдайын ғана емес, біздің қажеттіліктерімізді қамтуға қауқарлы. Ал Қазақстан бұл уақытта не істеп жатыр? Шындыққа жанаспайтын идеяларын жоспарлаумен әуре.  

Министрліктегі тұрақсыздық пен ұлттық стратегияның ауыспалылығы аталған проблемаларды шеше алмайды ма деген қорғыныш бар. Импортты алмастыратын жобаларды қолға алатын ешкім жоқ. Оған 5-7 жыл қажет. Ал ауыл шаруашылығы министрлігінде осынша уақыт бойы қалатын кадрлар жоқ.  

Сая Манарбековна

Recent Posts

Пара беруге итермелеген алаяқтар 10 жылға сотталды

Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотымен «№2 және №5 нан базасы» «Астық қоймалары»…

7 часов ago

Шымкент әкімінің бұрынғы орынбасары Мақсұт Исахов 8 жылға сотталды

Шымкент қаласы әкімінің бұрынғы бірінші орынбасары Мақсұт Исаховқа сот үкімі шықты. Экс-шенеунік 2023 жылдың шілдесінде тұтқынға…

8 часов ago

Қазақстанда футболдан EURO-2024 ойындары көрсетіледі

14 маусымда Германияның Мюнхен қаласында футболдан XVII Еуропа чемпионаты басталады. «Қазақстан» телеарадиокорпорациясы Еуро-2024 матчтарын тікелей…

3 дня ago

Қазақстанда жаңа саяси партия тіркеледі

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте әділет вице-министрі Ботагөз Жақселекова "Ынтымақ" саяси партиясы қашан мемлекеттік тіркеуден…

3 дня ago

Астанада мас күйінде көлік басқарған 45 жүргізуші сотталды

Қазақстан Республикасының заңнамасында көлік құралын мас күйінде басқарғаны үшін әкімшілік жауапкершілікпен қатар қылмыстық жауапкершілік қарастырылған.…

3 дня ago

Еңбек министрінің атынан жазылған хабарламалар — фейк

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпованың атынан әлеуметтік желілер мен мессенджерлердегі ашылған…

3 дня ago