«Қазақстандағы оң өзгерістерге кедергі келтіргісі келетіндер бар» – Тоқаев

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Абай облысының тұрғындарымен кездесіп, өңірдегі маңызды мәселелерге тоқталды. Аймақтың экологиялық ахуалын жақсарту, жастардың дамуы, әлемдік қақтығыстар жайлы айта келіп, президент қазір жалған ақпараттардың тарап жатқанын жеткізді.

Оның айтуынша, анонимді боттардың фейк мәліметтерді таратуы елімізде президент сайлауы өтетін күн белгілі болғаннан кейін басталған.

Қазір елімізде үлкен саяси науқан басталды. Әрине, сайлау болғаннан кейін түрлі пікірталастар болады. Сонымен қатар, ел мүддесіне кереғар пікір айтатын, тіпті, жалған ақпарат тарататын адамдар пайда болуы мүмкін. Біз осыған сақ болуымыз қажет.

Сайлау жарияланған соң түрлі жалған деректер, ақпарат, яғни фейктер таратылып, кибершабуылдар күшейді. Бұл жайдан жай емес. Кейбір күштер шетелден осындай әрекеттерді ұйымдастырып, ел ішіне іріткі салуды көздейді. Олар Қазақстанда оң өзгерістерге кедергі жасағысы келеді. Бірақ біз бағытымыздан таймаймыз,

деді Тоқаев.

Сонымен қатар мемлекет басшысы Еуразия құрлығының ортасында орналасқан Қазақстанның бүгінгі таңдағы халықаралық ахуалға қатысты ұстанымын тағы да қайталап айтты.

Бүгінде әлемде бұрын-соңды болмаған геостратегиялық шиеленіс байқалады. Әлемнің түкпір-түкпіріндегі саясаткерлер мен сарапшылар ядролық қарудың қолданылу қаупін қызу талқылап жатыр. Семей ядролық полигонындағы соңғы жарылыстан бері 33 жылға жуық уақыт өтті. Бұл аймақтың тұрғындары «Қырғи-қабақ соғыстағы» ядролық әлеуетпен ақылға қонымсыз бәсекелестіктің барлық қиындығын бастан өткерді. Жақында мен бұл туралы Нью-Йорктегі БҰҰ-ның жоғары мінберінен айттым. Адамдардың денсаулығына, жергілікті экожүйеге орасан зор залал келді. Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен полигонды жауып, әлемдегі төртінші ядролық арсеналдан өз еркімен бас тарта отырып, біздің еліміз ядролық қарусыз әлем үшін жаһандық қозғалыс көшбасшыларының біріне айналды,

деді президент.

Еске сала кетейік, отандық БАҚ-та және әлеуметтік желілерде соңғы кездері Ресей мен Украина арасындағы соғыс, мобилизациядан қашқан ресейлік азаматтардың Қазақстанға келуіне байланысты оқиғалар қоғамда резонанс туғызды. Бұл ретте ел президенті мен құзырлы органдар мемлекет тарапынан ұстанымдарын ашық білдірген.

Шапағат СЕРДӘЛІ

Recent Posts

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

4 месяца ago

«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…

10 месяцев ago

Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті

Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…

10 месяцев ago

Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді

23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…

10 месяцев ago

Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр

Алматының Атакентінде қыркүйектің 4-6 аралығында Kazbuild 2024 көрмесі өтіп жатыр. Бұл жолы Қытайдың ең ірі…

1 год ago

Алматы қаласында 2600 ден астам сотталған азамат есепке алынған

Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Е. Саденовтың тапсырмасымен пробация қызметтері мен полиция бөлімшелерінің өзара іс-қимылының…

1 год ago