Көрші елде екі мемлекеттің үлестік қатысуымен элеватор салынады.
Қазақстан мен Түрікменстан үлестік қатысу бойынша екінші елдің Мары облысының Серхетабат ауданында 100 мың тонна қазақстандық бидайды сақтауға арналған элеватор құрылысы жоспарлануда. Бұл туралы АӨК мәселелері жөніндегі вице-премьер Аннагелді Язмирадов мәлімдеді, деп хабарлайды orient.tm.
Нысан Түрікменстан арқылы Қазақстаннан Ауғанстанға жеткізілетін бидай мен ұн транзиті бойынша ынтымақтастықты орнату мақсатында салынады. Өзгерістер жеткізілімдерді тездетіп, оларды тұрақты етпек. Элеваторды мал шаруашылығына тиесілі жерде салу жоспарлануда. Сондай-ақ, жанында қаптарды дайындайтын цех бой көтереді. Ол жүктерді тасымалдауға қолданылады.
Түрікменстан Президенті Сердар Бердімұхамедов жұмыс жиналысында нысан құрылысы туралы ұсынысты егжей-тегжейлі қарастыруды тапсырды. Оның маңыздылығы аймақ елдері арасындағы қатынастарды дамыту және Ауғанстан экономикасын қалпына келтіруде екендігін ерекше атап өтті.
Құлсары қаласы, 25 ақпан 2026 жыл - Құлсары қаласында «Теңіз ұстазы» ауқымды педагогикалық фестивалі өтті.…
Жылыой ауданында өткен жылдан бері функционалдық сауаттылықты дамытуға және мектептегі білім сапасын арттыруға бағытталған «Теңіз…
Халықаралық білім беру корпорациясында 2026 жылғы 19-23 қаңтар аралығында Халықаралық білім беру корпорациясында (ҚазБСҚА) «Қысқы…
Марапат Сеул қаласында өткен QS Stars Award Ceremony рәсімінде берілді Бүгін Қазақстан мен Орта Азиядағы…
Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…
2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…