Қазақстандықтар қанша елге визасыз бара алады? Рейтинг

Бүгінде әлемді визасыз саяхаттауға мүмкіндік беретін төлқұжат ең пайдалы активке айналғаны белгілі. Коронавирус пандемиясының әсері туризм саласына кері әсерін тигізді. Сол себепті халық бұрынғыдан көп саяхаттағысы келеді. 2022 жылғы әлем паспорттарының рейтингі қандай елге визасыз бара алатындығыңызды көрсетеді.

Паспорттың күші

Жыл сайын Henley & Partners халықаралық консалтингтік компаниясы әлем бойынша саяхаттауға қай елдің төлқұжаты тиімді екені туралы ақпарат береді.

Саяхатқа аттанбас бұрын сіздің заңды төлқұжатыңыз болуы керек. Ал жақсы чемодан, ақша толған карта мен керемет көңіл-күй ол екінші орында. Алайда сіздің қайдан келгеніңіз бен төлқұжатыңыз саяхаттауда ерекше рөл атқарады.

Виза алу үшін алдын-ала немесе келген бетте тіркеле аласыз. Кейбір визаларды онлайн өтініш арқылы алу оп-оңай. Кейбір елдерде бұл процесс қиынырақ. Елшіліктің ұзақ әрі мұқият тексерістерінен өтуіңіз керек.

Кейбір ел арасында визалық келесім болады. Ол әдетте азаматтарға белгілі уақыт аралығында басқа елде визасыз жүріп-тұруға мүмкіндік береді.

Henley & Partners компаниясы жариялаған тізімде Жапония көш бастады. Бұл елдің азаматтары 193 елге визасыз режиммен және визаны талап еткен жағдайда кіре алады. Содан кейінгілері, Сингапур мен Оңтүстік Корея, бұл елдер 192 елге визасыз кіре алады.

Үшінші орынды еуропалық екі ел өзара бөлісті. Германия мен Испания азаматтары 190 елге кіре алады, ал Финляндия, Италия және Люксембург тұрғындары 190 елге визасыз кіреді. Сосын Австрия, Дания, Нидерланды және Швеция бесінші орынға жайғасты, ал Франция, Ирландия, Португалия және Ұлыбритания алтыншы орынды қанағат тұтты.

Henley & Partners рейтингіне сәйкес, Қазақстан 2022 жылы 73-ші орында, яғни қазақстандықтар 76 елге визасыз бара алады. Бір жыл бұрын 75-орында еді, ал 2020 жылы тіпті 67-орынға дейін көтерілген борлатын.

Биыл Қазақстанға 500 мыңнан 1 млн-ға дейін шетелдік турист келеді деген болжам бар. Сонымен қатар Қазақстанға визасыз кіретін елдердің қатары артады. Қазақстан бүгінде ішкі туристердің саны 6,9 млн-ға жетіп, рекордтық көрсеткішке қол жеткізген.

Ресей, Украина және геосаясат

Әлемдегі ең ықпалды төлқұжаттар индексі көбінде геосаяси реңкке ие. Мысалы, 2022 жылы Ресей салынған санкциялар мен тыйымдар кесірінен көштен қалып қойды.  Бұл ретте, көптеген елдер украиндық босқындар үшін уақытша қоныстарына айналғандықтан, украиналық төлқұжат әлемдік дейгейде өз позициясын күшейте түсті. Украина аталмыш тізімнің 34-орнына жайғасып, 143 мемлекетке визасыз кіру мүмкіндігін иеленді. Бұл Украина үшін рекордтық көрсеткіш. Ал Ресей қазір визасыз 117 елге бара алады. Ол қарапайым 49-орынға жайғасты.

Ең нашар төлқұжаттар

Ирак  пен Ауғанстан рейтингте соңғы орындарға жайғасқан. Бұл елдің азаматтары 30-жуық елге визасыз бару мүмкіндігіне ие.

Айта кетейік, Henley & Partners компаниясы Халықаралық әуе көлігі қауымдастығымен (IATA) бірлесіп визалық шектеулер индексін 2006 жылдан бері жариялап келеді.

Сая Манарбековна

Recent Posts

Жалған техникалық тексеру 100 АЕК айыппұл салынбақ

«Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне автокөлікті жалған техникалық тексеруден өткізуге қатысты айыппұлды 30…

24 часа ago

Кредиті айлығының жартысына жеткендерге жаңа несие бермейді

Қазақстанда енді несие беру кезінде қарыздық коэффициентті есептеу жүйесі қолданылады. Егер адамның ай сайын төлейтін…

2 дня ago

Қазақстан бірегей көне қыпшақ кітаптарының цифрлық көшірмесіне қол жеткізді

Қазақстанның дәл бүгінгі қоғамдық өмірінде тарих қойнауында жинақталған бағалы деректерге баса назар аударудың маңызы зор.…

3 дня ago

Экс-министр Ерлан Тұрғымбаев екі айға қамалды

Қазақстанның бұрынғы ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев екі айға қамауға алынды, деп хабарлайды дереккөз. 30…

3 дня ago

Қазақстан әуежайларында қауіпсіздік шаралары күшейтіледі

2024 жылғы 1 мамырдан бастап еліміздің барлық әуежайларында авиациялық қауіпсіздікті күшейту бойынша вокзал маңындағы алаңдарда,…

3 дня ago

Мектепте соңғы қоңырау өтетін болды — министр үндеуі

ҚР Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев мектеп түлектеріне үндеу жасады. Министрдің айтуынша, оқу жылы маусым айына…

5 дней ago