Categories: Экономика

Қазақстандықтар микронесиелерге жиі жүгінуде

Қазақстанның микроқаржы ұйымдары (МҚҰ) қаржы нарығының  өте жылдам дамып келе жатқан секторларының біріне айналды, деп хабарлайды ranking.kz.

2022 жылдың бірінші тоқсанының қорытындысы бойынша берілген микронесие портфелі 756,2 млрд теңгеге жетті. Бұл 2021 жылға қарағанда 62,1% — ға артық. Мұндай айтарлықтай өсу соңғы жылдары рекордтық көрсеткіш.

МҚҰ дамуын тежейтін факторлардың бірі дәстүрлі түрде қор жинаудағы шектеу болды. Мысалы, екінші деңгейдегі банктермен (ЕДБ) салыстырғанда микроқаржы ұйымдары депозиттерді тарта алмайды. Кредиттерді қаржыландыру банктерден, қор нарығынан немесе халықаралық қаржы ұйымдарынан меншікті капитал және тартылған қарыз қаражаты есебінен жүзеге асырылады.

Осылайша, МҚҰ қор құны банктерге қарағанда айтарлықтай жоғары. Осыған байланысты қолжетімді қорландыруды тарту мәселесі микроқаржы секторы үшін өзекті, ал оның сәтті шешілуі түпкі қарыз алушы үшін мөлшерлемелердің кейіннен төмендеуіне алып келеді.

Естеріңізге сала кетейік, 2020 жылдан бастап микроқаржы ұйымдары биржада қаражат тарта алады, бірақ бұрын мұндай мүмкіндік болмаған.

2019 жылдың бірінші тоқсанын қорытындылай келе, МҚҰ міндеттемелерінің құрылымында 93,6% тартылған қарыздарға, 3,5% — несиелік берешекке тиесілі болды. Бұл ретте МҚҰ қарыздарын негізінен шетелдік, халықаралық қаржы институттарынан алғанын атап өту қажет.

Алайда, қазір МҚҰ облигациялар шығару және отандық қаржы ұйымдарының қаражаты арқылы биржада қор тартуға мүмкіндігі бар. 2022 жылғы наурыздың қорытындысы бойынша МҚҰ міндеттемелерінің құрылымында алынған қарыздардың үлесі 80,1% — ға дейін төмендеді. 7,1% шығарылған борыштық міндеттемелерге, 5,3% — кредиторлық берешекке тиесілі. Осылайша, МҚҰ қорландыру құрылымында елеулі өзгерістер орын алуда.

Қазір ірі МҚҰ екінші деңгейлі банктерге айналуы мүмкін. Қаржылық реттеушінің деректері бойынша бұл процесс бәсекелестікті дамытуға және тұтынушылар үшін қаржылық көрсетілетін қызметтердің қолжетімділігін арттыруға ықпал ететін болады. Ол қаржы институттары үшін белгіленген жалпы пруденциялық талаптар мен нормаларды сақтауды көздейді.

МҚҰ-ның ЕДБ-ға ауысуы қор тарту проблемасын да белгілі бір дәрежеде шешіп, сектор компанияларына депозиттер тартуға мүмкіндік береді.

Сая Манарбековна

Recent Posts

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

4 месяца ago

«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…

9 месяцев ago

Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті

Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…

10 месяцев ago

Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді

23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…

10 месяцев ago

Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр

Алматының Атакентінде қыркүйектің 4-6 аралығында Kazbuild 2024 көрмесі өтіп жатыр. Бұл жолы Қытайдың ең ірі…

1 год ago

Алматы қаласында 2600 ден астам сотталған азамат есепке алынған

Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Е. Саденовтың тапсырмасымен пробация қызметтері мен полиция бөлімшелерінің өзара іс-қимылының…

1 год ago