Білім

Бүгін —  халықаралық сауаттылық күні

Бүгін Қазақстанда және әлемнің көптеген елінде халықаралық сауаттылық күні атап өтілуде. Бұл мереке күнтізбеде қызылмен белгіленбесе де, Жер жүзіндегі барлық адамның білім деңгейі мен оқу сапасын арттыруға өзіндік үлесін қосатыны рас.

773 миллион сауатсыз адам бар

Халықаралық сауаттылық күні ЮНЕСКО 1966 жылы Тегеранда «Білім министрлерінің сауаттылықты жою жөніндегі дүниежүзілік конференциясының» ұсынысы бойынша бекітілді. Әлем бойынша сауатсыз адамдарды азайту туралы жоспар да сол уақытта құрылған.

Мерекені бекіту кезінде Жер планетасының 50% тұрғыны, яғни бір жарым миллиардтан асатын адам сауатсыз болған. Сол уақыттан бері қыруар жұмыстар атқарылып, үлкен жетістіктерге қол жеткізілді. Бүгінгі таңда ЮНЕСКО мәліметі бойынша, сауатсыз ересек адамдар саны —  773 миллион.

Оның ішінде 102 миллион адам 15-24 жас аралығындағы жастар болса, 617-сі – жасөспірім, 267 миллион бала мектепке бармайды.

Сауатсыздықтың басты себебі – мектептер мен ұстаздардың жетіспеушілігі, соғыс, өзге де жағдайлар, кейбір тұрғындардың оқуға қарсылығы.

Қазақстанда білім сапасы төмен бе, төмен болса, неге?

Қазақстан сауаттылық жөнінен үшінші орын алса да, білім сапасы ақсайтын тұстары да жоқ емес. Оның басты себебі – мектеп тапшылығы. Мысалы, былтырғы оқу жылында 270 мың білім беру ұйымы жетіспеген, 143 мектеп үш ауысымда жұмыс істеген.

Ұстаз мәселесі де өзекті. Елімізде мұғалім жетіспейді. Интернет нашар аймақтар әлі бар. Осындай себептердің салдары білім сапасына кері әсер етеді. Халықаралық зерттеу нәтижесінде ЭЫДҰ елдерінің арасында біздің оқушылардың білім деңгейі орта көрсеткіштен төмен екені анықталды. Әсіресе, Маңғыстау, Атырау, Қызылорда облыстарында білім сапасы төмен.

Дін мен сауат

Білімдар адам қашанда сый-құрметке ие. Ежелгі дәуірде адамдар дін арқылы сауатын ашатын болған. Мұсылман Қасиетті Құран Кәрімді, иудей Қасиетті жазбаны оқуға міндеттелді.

Қазақстанға мұсылман діні X ғасырларда келді. Медреседе оқуға, жазуға мүмкіндік берілді. Алғаш рет Түркістанда медреселер ашылған.

Ал Ежелгі Русь тарихын парақтасақ, 988 жылы Владимир Князь «барлық бала оқысын» деген Жарлық шығарған. Балалар монастырь қабырғасында білім алған, оларға дін қызметкерлері сабақ берген. 100 жылдан кейін Русьте алғашқы әйелдер училищесі пайда болған. Ол жақта қыздар сауат ашып, ән үйренген.

Қазақстанда кең тараған қателер

Сауатты адам дегеніміз – тек жазу мен оқуды білетін адам емес. Білімді адам жан-жақты оқыған, ой-өрісі кең, толық тұлға.

«Адамның өз ойын айта білу, тілегін білдіру қабілетіне де баса рөл қойған жөн деп ойлаймын. Сауатты адам – өзгелермен тіл табыса білетін көшбасшы. Дәл осындай жан ғана мансап баспалдағымен жоғары көтеріліп, көп жетістікке жете алады», — дейді орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Еркебұлан Ұлықбеков.  

Алайда жоғары лауазымда отырып та қате жіберетіндер бар. Мысалы, «сәлеметсіз бе» мен «сәлеметсіз ба», «туған күн» мен «туылған күн» сөздері, «иә» сөзінің «ия», «йа», «йя» немесе «я» деп жазылып кетуі таусылмай тұр.

«Бұл – расымен маңызды мереке. Қазіргі таңда ЖОО бітіріп, диплом алу жеткіліксіз. Егер жақсы нәтижеге жеткің келсе, сауатты, тиімді, компетентті бол», — деп түйіндеді сөзін Еркебұлан Ұлықбеков.

Автор: Мейіргүл Оңғарова

Анара Бауыржанқызы

Recent Posts

Қазақстанда футболдан EURO-2024 ойындары көрсетіледі

14 маусымда Германияның Мюнхен қаласында футболдан XVII Еуропа чемпионаты басталады. «Қазақстан» телеарадиокорпорациясы Еуро-2024 матчтарын тікелей…

1 день ago

Қазақстанда жаңа саяси партия тіркеледі

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте әділет вице-министрі Ботагөз Жақселекова "Ынтымақ" саяси партиясы қашан мемлекеттік тіркеуден…

1 день ago

Астанада мас күйінде көлік басқарған 45 жүргізуші сотталды

Қазақстан Республикасының заңнамасында көлік құралын мас күйінде басқарғаны үшін әкімшілік жауапкершілікпен қатар қылмыстық жауапкершілік қарастырылған.…

1 день ago

Еңбек министрінің атынан жазылған хабарламалар — фейк

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпованың атынан әлеуметтік желілер мен мессенджерлердегі ашылған…

1 день ago

Мұрат Әбділда сотқа жазасын ауыстыру жөнінде өтініш жасады

Осыдан 2 жыл бұрын әлеуметтік алауыздыққа бағытталған әрекет жасағаны үшін сотталған блогер Мұрат Әбділда сотқа…

1 день ago

«Мүгедек боп оралды»: Шымкентте әке баласын әскерилер бопсалағанын айтты

Шымкентте әскерилер жас жігітті комиссариатқа күштеп апарып, пара беруге бопсалаған. Мерзімді әскерге шақырылушы ақша таппай,…

2 дня ago