Фото: yk-news.kz
Алдағы уақытта бала күтімімен айналысатын қазақстандықтар мемлекеттік жәрдемақыны 1 жыл емес, 1,5 жыл бойы алуы мүмкін. Бұл туралы мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорының бас директоры Нұрсұлу Кемел айтты.
Міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесі – бұл қосымша қорғау түрі және әлеуметтік қорғаудың қосымша деңгейі, дейді Нұрсұлу Кемел. Бүгінде жүйеге 6,6 млн қазақстандық қамтылған.
Қазіргі уақытта әлеуметтік кодекс аясында бала күтімі бойынша төлемдердің мерзімін бір жарым жылға дейін ұлғайту қарастырылуда. Ол талқылау мен талдау кезеңінен өтіп жатыр,
– деді Нұрсұлу Кемел.
Әлеуметтік жәрдемақы бес жағдайда төлем алуға құқық береді:
Егер мемлекет тарапынан төленетін жәрдемақы санатқа байланысты және бірыңғай мөлшерде белгіленсе, онда әлеуметтік төлемдер табыс көлеміне және жүйеге қатысу ұзақтығына байланысты жеке белгіленеді.
2. Асыраушысынан айырылу бойынша жәрдемақы асырауындағы адамдарға тағайындалады. Қазір елімізде 57 мыңнан астам отбасы төлемді алып отыр. Бір жылдың ішінде кемінде 7 мыңға жуық жаңа әлеуметтік төлем тағайындалады. Бала 18 немесе 23 жасқа толғанша беріледі. Аталған төлем бала ата-анасынан айрылған жағдайда тағайындалады. Егер әкесі қайтыс болса, төлем анасына беріледі немесе керісінше.
3. Халықты жұмыспен қамту орталығында, ХҚКО немесе Egov порталында жұмыссыз болып тіркелген азаматтар ғана жұмысынан айырылуына байланысты төлемге өтініш бере алады. Төлем қатысу ұзақтығына байланысты бір айдан алты айға дейінгі мерзімге тағайындалады.
4. Жүктiлiк пен босануға байланысты табысынан айырылғаны үшiн төлемдер декреттік демалысқа кеткен жұмысы бар әйелдерге тағайындалады. Төлем мөлшері соңғы жылдағы орташа айлық табысына байланысты есептеліп, жұмысқа қабілетсіз күндер санына көбейтіледі (әдетте қалыпты босану үшін 120 күн).
Жұмыс істемейтін әйелдерге жәрдемақы әлеуметтік сақтандыру жүйесінен емес, мемлекеттік бюджет есебінен төленеді. Балалардың кезектілігіне байланысты 18-23 мың теңге аралығында тағайындалады. Біржолғы мемлекеттік жәрдемақы барлық еңбек ететін әйелдерге табысына қарамастан автоматты түрде тағайындалады. Ол 38 АЕК (110 мың теңгеден астам), төртінші бала туғанда 63 АЕК (150 мың теңгеден астам) құрайды.
5. Бала күтіміне байланысты демалыста отырған әйелдерге төлем 1 айдан 12 айға дейін тағайындалады. Төлем мөлшері соңғы жылдағы орташа айлық табыстың 40% құрайды, бірақ мемлекеттік жәремақыдан төмен емес. Директордың айтуынша орташа төлем мөлшері 41 мың теңге.
Бала күтімі бойынша жәрдемақы баланың әкесіне де төленуі мүмкін. 2021 жылы 3500-ге жуық ер азамат ресми түрде бала күтіміне байланысты демалысқа шығып, әлеуметтік жәрдемақы алған.
Әлеуметтік төлемдерді алу барысы
Қор директоры төлемдерге өтініш берер алдында төленген әлеуметтік аударымдардың дұрыстығына көз жеткізуге кеңес берді. Ол үшін жұмыс берушіден сұрап немесе Еgov порталы арқылы білуге болады. Әлеуметтік төлемдер дұрыс төленбеген жағдайда немесе соңғы айға төлем жасамаған кезде төлем уақыты кешіктіріледі. Әлеуметтік аударымдар болып, бірақ зейнетақы болмаған кезде өтінішті қарау кейінге қалдырылуы мүмкін.
Төлемдерді ХҚКО немесе Еgov арқылы алуға болады. Сондай-ақ Halyk Bank және Kaspi Bank қосымшалары арқылы да өтініштер қабылданады. Жүктілікке байланысты уақытша еңбекке жарамсыздық парағы және оқу орнынан анықтама түпнұсқада беріледі, қалған құжаттар онлайн режимінде автоматты түрде жаңартылады.
Төлемді тағайындау процесі сегіз жұмыс күні ішінде, ал әлеуметтік сақтандыру қоры өтінішті 4 күнде қарастырады. Өтінім мәртебесін қордың сайтында ЖСН арқылы бақылауға болады.
Айта кету керек, биыл 1 қаңтардан бастап асыраушысынан айрылған және еңбек ету қабілетінен айрылған жағдайда берілетін төлем көлемі 5 пайызға артты. Ал 1 сәуірден бастап аталған төлемдердің көлемі тағы 4 пайызға өсті. Осылайша былтырға қарағанда 9 пайызға артқан.
2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…
Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…
23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…
Алматының Атакентінде қыркүйектің 4-6 аралығында Kazbuild 2024 көрмесі өтіп жатыр. Бұл жолы Қытайдың ең ірі…
Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Е. Саденовтың тапсырмасымен пробация қызметтері мен полиция бөлімшелерінің өзара іс-қимылының…