Қаржы министрлігі осы мәселеге қатысты мән-жайды түсіндірді.
Қазақстанның Бюджет кодексіне «Үмітсіз берешек» түсінігін енгізіп, ол бойынша кредитордың талаптарын тоқтату ұсынылды. Бірақ бұл 90-шы жылдардағы өтелмеген қарыздармен байланысты. Елдің несие портфелін мерзімі өткен берешектен тазарту үшін жасалып отыр.
Сондай-ақ, жобада жоғарыда аталған несиелер бойынша борышкерлердің құқықтық жағдайы туралы ешқандай ақпарат жоқ екені, Әділет министрлігінің деректер базасында да олар туралы ақпараттың жоқтығы атап көрсетілген.
Осыған байланысты, қолданыстағы бюджет заңнамасы аясында бар берешектерді өндіріп алу, сондай-ақ оларды есептен шығару бойынша одан әрі жұмыс жүргізу мүмкін емес,
делінген хабарламада.
Қаржы министрлігінің ақпаратына сенсек, әңгіме халыққа берілген несиелер туралы емес. 90-жылдары тікелей бизнеске берілген бюджеттік кредиттер туралы болып отыр.
Ведомстводағылар бүгінгі күні есептен шығару сомасын нақты көрсету мүмкін еместігін түсіндірді.
Қарыз алушылар мен растайтын құжаттарды іздеу жалғасып жатыр. Бірақ жыл басында қарыз шамамен 120 миллиард теңге болған. Үкіметтің талаптарын тоқтатудың негіздері заңмен белгіленбеген,
деп толықтырды баспасөз қызметі.
Құлсары қаласы, 25 ақпан 2026 жыл - Құлсары қаласында «Теңіз ұстазы» ауқымды педагогикалық фестивалі өтті.…
Жылыой ауданында өткен жылдан бері функционалдық сауаттылықты дамытуға және мектептегі білім сапасын арттыруға бағытталған «Теңіз…
Халықаралық білім беру корпорациясында 2026 жылғы 19-23 қаңтар аралығында Халықаралық білім беру корпорациясында (ҚазБСҚА) «Қысқы…
Марапат Сеул қаласында өткен QS Stars Award Ceremony рәсімінде берілді Бүгін Қазақстан мен Орта Азиядағы…
Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…
2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…