Фото: ашық дереккөзден
Ішкі істер министрі Ержан Саденов есірткі жасырушыларға жазаны жеңілдетуді ұсынды. Енді оларды 10 жылға соттамауы мүмкін.
Сотталушының айтуынша, жақындарың мен отбасыңның аш отырғанын көріп, кез-келген қадамға барасың, тіпті қорқыныш сезімі де жоғалып кететін көрінеді. Түрме алыс бір ешқашан өзінің темір торына арбамайтынтай көрінеді, дейді. Ал алдыңда көздері жаутаңдап отырған аш жанұяңды асырау бүгін, дәл қазір көз алдыңда. Сол себепті осындай жеңіл әрі жылдам ақша табуға да барасың. Заңсыз екенін біліп тұрып, өз қолыңмен жасайсың. Түбі не болатынын да ойламай, кете барады, жастар.
Бүгінде есірткі жасыру ашық түрде жасалып жатыр. Оларды бір қарағанда байқамайсың, алайда такси жүргізушілерінің өзі күнделікті байқайтындарын жасырмайды. Олар біздің арамызда да жүргені анық.
Министрдің айтуынша, қоғамда есірткі жасырушыларға (закладчик) жазаның тым қатаң екені туралы мәселе көтеріліп жатыр.
Бұл жастар мен жасөспірімдерді осы салаға белсенді тартумен байланысты. Расымен, есірткті өткізушілердің портреті бүгінде өзгерді. Оларға интернетті белсенді пайдалану үйреншікті жағдай,
деді министр.
Оның айтуынша, жастар есірткі таратушылардың қатарына жеңіл табысты көздеп, төмен құқықтық сауаттылық, мәдени және әлеуметтік жауапкершілігінің төмендігі салдарынан түседі.
Бүгінде кәмелетке толмаған 6 бала сотталып, тағы 26 жасөспірім жауапкершілікке тартылған.
2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…
Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…
23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…
Алматының Атакентінде қыркүйектің 4-6 аралығында Kazbuild 2024 көрмесі өтіп жатыр. Бұл жолы Қытайдың ең ірі…
Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Е. Саденовтың тапсырмасымен пробация қызметтері мен полиция бөлімшелерінің өзара іс-қимылының…