Шетелдің ақшасы – Қазақстанның картобы

Қазақстанда фри картоп шығаратын зауыт салынғалы жатыр

Жетісу облысында фри картобын өндіретін жаңа кәсіпорын салу мүмкіндігі қарастырылып жатыр. ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің орынбасары Әбілхайыр Тамабек нидерландық компанияның өкілдерімен кездесіп, индустриялық аймақтағы учаскені қарап шықты.

Картоп өндірісіне «Farm Frites» компаниясы қызығушылық танытқан. Жоба жүзеге сәтті асырылатын болса, өңірге көп өндірушілер қажет болады. Осыған орай 10 000 гектар алқапта картоп өсіру бойынша фермерлік шаруашылықтың қосымша жобасын іске асыру жоспарланып отыр.

Сапардың соңында вице-министр Жетісу облысының әкімі Бейбіт Исабаевпен және  ЖШС басшысы Йозеф Боермен кездесті. Тараптар Қазақстанда картоп индустриясын дамыту жөніндегі жоспарларын талқылап, зауыттың болашақта орналасатын жері туралы шешімдерді талқылады.

Қазір инвестициялар туралы келісім жасасу мүмкіндігі қарастырылуда, онда барлық тараптардың әлеуметтік-экономикалық міндеттемелері реттеледі және «Farm Frites» компаниясының біріктірілген фри картоп зауытын салу кезінде мемлекеттік қолдау шаралары нақты белгіленеді.

«Farm Frites» (Farm Frites Beheer B. V.) компаниясының өкілдері 5 жылдан астам уақыт бойы Қазақстанның бірқатар өңірінде картоп пен картоп тұқымын тәжірибе ретінде отырғызып келеді.  Олар жоғары сападағы және зауыттың қажеттіліктері үшін қажетті көлемдегі картопты жеткізуді, сондай-ақ жергілікті фермерлерді оқытуды көздеп отыр.

Айта кетейік, «Farm Frites» компаниясы 1971 жылы Нидерландыда отбасылық кәсіпорын ретінде құрылды. Негізгі қызметі — картоптан мұздатылған және салқындатылған өнімдер өндірумен айналысады. Компанияның әлемнің 40 елінде 6 зауыты мен 40 сату кеңсесі бар, онда барлығы 1500 қызметкер жұмыс істейді. Компанияның картопты өңдеу көлемі жылына 1,3 млн тоннаға жетеді, өнім әлемнің 80-нен астам еліне экспортталады. «Farm Frites» — әлем бойынша фри өндірісі бойынша төртінші орында тұрған және McDonalds, KFC және басқа да фаст-фуд мейрамханаларының негізгі халықаралық жеткізушілерінің бірі.  

Сая Манарбековна

Recent Posts

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

4 месяца ago

«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…

9 месяцев ago

Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті

Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…

10 месяцев ago

Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді

23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…

10 месяцев ago

Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр

Алматының Атакентінде қыркүйектің 4-6 аралығында Kazbuild 2024 көрмесі өтіп жатыр. Бұл жолы Қытайдың ең ірі…

1 год ago

Алматы қаласында 2600 ден астам сотталған азамат есепке алынған

Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Е. Саденовтың тапсырмасымен пробация қызметтері мен полиция бөлімшелерінің өзара іс-қимылының…

1 год ago